Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

Техникалық реттеу және метрология комитеті

  • 2016 жылы өткізілген аймақтық штаб отырыстар саны - 73-нан астам
  • Нормативтік техникалық құжаттардың мемлекеттік бірыңғай қорындағы стандарттардың жалпы саны - 69500 
  • Комитеттің Департаменттерімен 2016 жылғы жүргізілген тексерістер саны - 1228 
  • 2016 жылы әзірленген ұлттық стандарттар саны - 747

Басшылық


Қасымов Бауыржан Төлегенұлы

1978 жылғы 31 шілдеде Қарағанды облысы, Шет ауданы, Үңірек ауылында дүниеге келді.

1997 жылы ҚР Мемлекеттік тергеу комитетінің Қарағанды жоғары мектебін толық емес курсын тәмамдады. Мамандығы – құқықтану.

2001 жылы «Болашақ» Қарағанды  маңызды білім беру инситутын тәмамдады. Мамандығы – құқықтану.

2013 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін тәмамдады. Мамандығы – экономика және бизнес.

Еңбек жолын ішкі істер органдарында бастады.

2007 жылдан бастап 2009 жылға дейінгі аралықта Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданы әкімінің аппаратында аббаттандыру бөілімінің,  бюджеттік бағдарламаны іске асыру және мемлекеттік сатып алу бөлімінің, өндірістік-техникалық бөлімінің бас маманы болып істеді.

2009 жылдан бастап 2010 жылға дейінгі аралықта Қарағанды облысы әкімінің аппаратында  ұйымдастыру бөлімінің бас маманы қызметін атқарды.

2010 жылдан бастап 2011 жылға дейінгі аралықта Қарағанды облысы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы қаржы, ұйымдастыру және кадр бөлімінің бастығы қызметін атқарды.

2011 жылдан бастап 2013 жылға дейінгі аралықта Қарағанды облысы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы қазақстандық қамтуды дамыту бөлімінің бастығы қызметін атқарды.

2013 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарты жүйесінде жұмыс істейді. «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті» РММ Жезқазған бөлімінің басшысы -  Қарағанды облысы мемлекеттік бақылау бойынша бас мемлекеттік инспектордың орынбасары қызметін атқарды.

2017 жылғы 2 тамыздан бастап – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы - Қарағанды облысы мемлекеттік бақылау бойынша бас мемлекеттік инспекторы лауазымына тағайындалды.

Үйленген, үш баланы тәрбиелеуде.


Досаров Саян Қуанышбайұлы

1977 жылғы 30 қарашада дүниеге келген.

1999 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдады, мамандығы – журналист.

2011 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды Экономикалық университетін тәмамдады, мамандығы – экономист.

Еңбек жолын 1999 жылы Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан» газетінде корреспондент-жарнама агенті болып бастады. 2000 жылдан бастап 2002 жылға дейінгі кезеңде Қарағанды облысы Коммуналдық меншікті басқару департаментінің аудармашы-іс жүргізушісі, Қарағанды мемлекеттік мүлік және жекешелендіру аумақтық комитетінің жетекші маман-аудармашысы, Қарағанды облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы БАҚ және реформаны насихаттау бөлімінің бас маманы қызметтерін атқарды.

2003 жылдан бастап 2007 жылға дейінгі аралықта «ҮМІТКЕР» жарнамалық-ақпараттық газетінің, «ҚАУЫРСЫН» республикалық балалар мен жастардың әдеби-танымдық журналының Бас редакторы, «ЕРНАЗ & S» ЖШС директоры болып істеді, Қарағанды қаласы.

2008 жылдан бастап 2014 жылға дейінгі кезеңде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Құжаттамалық қамтамасыз ету және ұйымдастыру-бақылау жұмысы департаменті Ұйымдастыру жұмысы және мемлекеттік тіл басқармасының бастығы, Құжаттамалық қамтамасыз ету және мемлекеттік тілді дамыту департаменті Мемлекеттік тілді дамыту басқармасының бастығы қызметтерін атқарды.

2014-2016жж. – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму  министрлігінің Құжаттау және бақылау департаменті Құжаттарды редакциялау басқармасының басшысы.

2016 жылғы қыркүйектен бастап 2017 жылғы мамырға дейінгі кезеңде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму  министрлігінің Құжаттау және бақылау департаменті Мемлекеттік тілді дамыту басқармасының басшысы.

2017 жылғы 31 мамырдан бастап – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары – Қарағанды облысы мемлекеттік бақылау бойынша бас мемлекеттік инспектордың орынбасары лауазымына тағайындалды.

Үйленген, төрт баланы тәрбиелеуде.


Министр блогы

Қасымбек
Жеңіс Махмұдұлы

«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУЫНДА ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУ

загрузка карты...