Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

Техникалық реттеу және метрология комитеті

  • 2016 жылы өткізілген аймақтық штаб отырыстар саны - 73-нан астам
  • Нормативтік техникалық құжаттардың мемлекеттік бірыңғай қорындағы стандарттардың жалпы саны - 69500 
  • Комитеттің Департаменттерімен 2016 жылғы жүргізілген тексерістер саны - 1228 
  • 2016 жылы әзірленген ұлттық стандарттар саны - 747

Департамент Ережесі


Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының

2014 жылғы 17 қазандағы

№ 91 бұйрығына

10-қосымша

«Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрлігі

Техникалық реттеу және метрология комитетінің

Қарағанды облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің

Ережесі

1. Жалпы ережелер

1. «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Департамент) «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Комитет) Қарағанды облысы бойынша техникалық реттеу және өлшемдер бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы бақылауды жүзеге асыратын аумақтық бөлімшесі болып табылады.

Департаментте Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің Жезқазған бөлімі және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің Жезқазған бөлімінің Балқаш өкілдігі бар.

2. Департамент өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Департамент мемлекеттiк мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртабандары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, қазынашылық органдарында шоттары бар.

4. Департамент, егер осыған уәкiлеттiк берілген болса, өз атынан және Комитеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.

5. Департамент өз құзыретінің мәселелері бойынша Комитет төрағасының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

6. Аумақтық бөлімшенің құрылымы мен штат санын Жауапты хатшы бекітеді.

7. Департаменттің толық атауы:

мемлекеттік тілде – «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.

орыс тілінде – республиканское государственное учреждение «Департамент Комитета технического регулирования и метрологии Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан по Карагандинской области».

8. Департаменттің орналасқан орны: 100009, Қарағанды қаласы, Анжерская көшесі, 22/2.

9. Департаменттің құрылтайшысы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті атынан мемлекет болып табылады.

10. Департамент қызметiн қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

11. Егер Департаментке заңнамалық актiлермен кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттің кiрiсiне жiберiледi.

12. Департаментке кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Департаменттің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау мәніне шарттық қатынастарға түсуге жол берілмейді.

2. Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары,

құқықтары мен міндеттері

13. Міндеті: техникалық реттеу және өлшемдер бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы бақылау.

14. Департаменттің функциялары:

1) тауардың шығу тегі туралы сертификатты беруге, тауардың шығу тегі туралы сертификатты беру тәртібін сақтауға уәкілетті ұйымның қызметін және ішкі айналым үшін тауардың шығу тегі туралы сертификатты беру тәртібін сақтау үшін уәкілетті органның (ұйымның) қызметіне жыл сайын тексеру жүргізу, Кеден одағы тауарының және (немесе) шетелдік тауардың мәртебесін айқындау арқылы бақылауды жүзеге асыру;

2) мемлекеттiк метрологиялық бақылауды ұйымдастырады және жүргізу;

3) тамақ өнімі қауіпсіздігінің саласын қоспағанда, техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

4) Қазақстан Республикасының сәйкестiктi бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасының сақталуына бақылауды жүзеге асыру.

15. Департаменттің құқықтары мен міндеттері:

1) заңнамада белгiленген тәртiпте мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажеттi ақпарат пен материалдарды сұратады және алады;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.

3. Департамент қызметiн ұйымдастыру

16. Департаментті Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Жауапты хатшысы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын басшы басқарады.

Департамент басшысы Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспектор болып табылады; басшының орынбасары, бөлім бастшысы Қарағанды облысы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспектордың орынбасары болып табылады; Департамент мамандары Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары болып табылады.

17. Департамент басшысына демалыс беру, материалдық көмек көрсету, дайындау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстеме ақы және сыйақы төлеу мәселелері Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Жауапты хатшысының бұйрығымен ресімделеді.

18. Басшының Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Жауапты хатшысы лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын орынбасарлары болады.

19. Басшы Департаменттің жұмысын ұйымдастырады және оған жетекшілік етеді және Департаментке жүктелген міндеттерді орындауға және өзінің функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.

20. Осы мақсаттарда Басшы:

1) өз орынбасарларының және Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің міндеттері мен жауапкершілігін айқындайды;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Департамент қызметкерлерін өз орынбасарларын қоспағанда лауазымға тағайындайды және босатады;

3) заңнамамен белгіленген тәртіппен Департамент қызметкерлеріне өз орынбасарларын қоспағанда, тәртіптік жаза береді және көтермелеу шараларын қолданады;

4) Департамент мүддесін басқа мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда білдіреді;

5) Департамент бұйрықтарына қол қояды;

6) Департаменттің жұмыс жоспарын бекітеді;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

4. Департаменттің мүлкі

21. Департаменттің заңнамада көзделген жағдайларда шұғыл басқару құқығында оқшауланған мүлкі бар.

22. Департаментке бекiтiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.

23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Комитет өзіне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi дербес иелiктен шығармайды немесе өзге тәсiлмен иелік етпейді.

5. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату

24. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.



Министр блогы

Қасымбек
Жеңіс Махмұдұлы

«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУЫНДА ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУ

загрузка карты...