Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

Техникалық реттеу және метрология комитеті

  • 2016 жылы өткізілген аймақтық штаб отырыстар саны - 73-нан астам
  • Нормативтік техникалық құжаттардың мемлекеттік бірыңғай қорындағы стандарттардың жалпы саны - 69500 
  • Комитеттің Департаменттерімен 2016 жылғы жүргізілген тексерістер саны - 1228 
  • 2016 жылы әзірленген ұлттық стандарттар саны - 747

Результаты государственного контроля

2016 жылдағы 12 айда Департаменттің атқарған қызметтерінің нәтижелері.

1.     Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қарағанды облысы бойынша Департаментінің құрылымы 13қызметкер, соның ішінде Жезқазған бөлімі – 3 қызметкер және Балхаш бөлімшесі – 2 қызметкер.Қазіргі таңда бос орын жоқ.

2.     12 ай ішінде 94 тексеріс жүргізілді, оның ішінде өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасын бұзушылық (сенімделмеген және ҚР-ның өлшеу құралдарының бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімінде жоқ өлщеу құралдарын қолдану) 44 тексерісте (47%), 39 заңды тұлғаларға 10414,11 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Ерікті түрде 9714,18 мың теңге көлемінде 36 айыппұл төленді, 3 қаулы бойынша ерікті орындаудың мерзімі шықпады.                                                              

Департаментте 48 өнім үлгілерін (құрылыс және азық – түлік өнімдері, тұрмыстық химимя тауарлары) сатып алу шарасы жүзеге асырылды, оның ішінде 7 өнім үлгілірі тексеріс кезінде ҚР-ның «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету» заңының 27 бабы, өлшеп орау, сату және импорттау кезіндегі кез-келген орам түрлеріндегі өлшеп оралған тауарлардың саны сәйкес келмеуі себепті бұзушылық анықталып жарамсыз деп табылды. Жеке кәсіпкер Ферапонтова А.К-ның «Палитра» құрылыс дүкеніндегі тексеріс кезінде 14,640 мың теңге көлемінде өнімдердің 3 партиясы жарамысыз деп табылды, олар: аппақ FLASH тегістегіш ерітіндісі – үлгідегі таза салмақтың анықталған орта шамасы көрсетілгенге қарағанда аз; түрлі түсті «Cerеsit» тегістегіш ерітіндісі - 3 ақаулы қаптамасы (нақты мәні төменгі шектенде төмен); бор пастасы – 6 ақаулы қаптама (нақты мәні төменгі шектенде төмен). «Долголет» ЖШС-не жүргізілген тексеріс барысында 16,320 мың теңге көлемінде сатылған өнімдердің 4 партиясы жарамсыз деп табылды, олар: «Наша мама» балалар сабын ұнтағы – 7 ақаулы қаптама, реңді хна (қоңыр) – 4 ақаулы қаптама, көк күмістекті саз – 2 ақаулы қаптама, емдік – косметикалық және қырымдық ақ саз – 4 ақаулы қаптама (барлығында нақты мәні төменгі шектенде төмен). Заңды тұлғаларға жіберген заң бұзушылықтары үшін әкімшілік айыппұл салынды, ал анықталған ақаулы тауарлар партиясына тиым салу және бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым шығарылды.

3.     Қарағанды және Жезқазған көлік прокуратурасының өндірісті бақылау қаулысы бойынша 9 облыстық ұйымды тексеруге бірлесе қатыса отырып, 1 ұйымда өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңын бұзушылық анықталды. Қарағанды көлік прокуратурасының көрсеткен заң бұзушылықтарды жою бойынша өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы бұзушылықтар үшін заңды тұлғаға 200 айлық есеп , 424,2 мың теңге, көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

4.     Әкімшілік жазаға байланысты 1 қаулыға шағым түсті. Соттың шешімі бойынша қаулы өз күшінде қалып, орындауға сот атқарушысына жіберілді.

5.     6 Жергілікті штаб өткізілді (3-уі аймақтарға шықпалы). Жергілікті штабтарда 4 техникалық регламент, ҚР-ның Кәсіпкерлік кодексі қарастырылды және талқыланды:

-       «Азық-түлік өнімдерімен байланысатын материалдар қауіпсіздігі туралы» ТР ЕурАзЭҚ жобасы;

-       Өнімнің сәйкестігін бағалау және декларациялау сұрақтары бойынша;

-       ҚР Кәсіптік Кодексі бойынша;

-       «Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құралдар және өрт-сөндіру талаптары туралы» ТП ЕурАзЭҚ жобасын талқылау;

-       «Техникалық құралдардың электромагниттік үйлесімділігі» КО ТР №1 жобасына өзгерістер;

-       «Төмен вольтты жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» КО ТР №1 жобасына өзгерістер;

-       Техникалық реттеу саласының басым бағыттарын талқылау;

-       Метрологияның басым бағыттары;

-       ҚР ӘЛЕМДІК министрінің бұйрығымен бекітілген, техникалық регламенттерді әзірлеу жобасы туралы.ҚР аккредиттеу саласының қазіргі жағдайы, мәселелері және келешегі. Сондай-ақ өнімнің сәйкестігін бағалау және декларациялау, ҚР-ның Кәсіпкерлік кодексі талқыланды.        Аймақтарда өткізілген мәжілістер барысында келесідегідей сұрақтар қарастырылды: «Сарыарқа» еркін экономикалық аумағындағы ЖШС «Бемер Арматура», ЖШС «Изоплюс Центральная Азия» және ЖШС «Hyunwoo Central Asia» кәсіпорындардағы өзекті мәселелері айқындалды және қарастырылды. Комитет сайтында 55 жарияланымдар орналастырылған, теледидарда сөз сойлеу саны – 5, радиодан сөз сойлеу саны – 3, газеттер мен журналдардағы мақалалар саны - 31, кәсіпкерлер мен облыстық мекемелер үшін өткізілген дөңгелек үстел саны – 65, әр түрлі семинарлар, кездесулер мен конференцияларға қатысу саны – 57.

6.     Қазіргі таңда 694 кәсіпорын бар, оның ішінде ірі кәсіпорын субъектілері – 50, орташа – 224, шағын – 386 кәсіпорын, мемлекеттік орган – 34. Жүйелер тұрғысынан: ISO 9001- 611 кәсіпорындар; ISO 14001- 368 кәсіпорындар; ISO 22000 - 9 кәсіпорын; ISO 50001- 9 кәсіпорын; OHSAS 18001- 221 компания.

7.     Мемлекеттік органдарда және Қарағанды обласының Жаңаарқа, Нұра, Бұқар жырау, Осакаров, Абай аудандарындағы, сонымен қатар Қарағанды, Теміртау, Саран, Абай, Шахниск қалаларындағы ұйымдарда мемлекеттік рәміздерді қолдануға байлансты мемлекеттік рәміздер жөніндегі областық комиссиясының жұмыс топтарымен бірлесе отырып тексеріс шаралары атқарылды. Тексерістер нәтижелері бойынша анықтама жазылып мемлекеттік рәміздер бойынша облыстық комиссиясының отырысына қарауға жіберілді, әрі анықталған бұзушылықтар бойынша Қарағанды облысының ішкі істер мекемесі әкімшілік хаттама толтырды. Сондай-ақ БАҚ-да ағымдағы жылдың 9 айында мемлекеттік рәміздер жөнінде облыстың әр түрлі газеттерінде 12 мақала, сонымен қатар Балқаш қаласының «Радио для всех» радиотолқыны арқылы мәліметтер хабарланып, «Қазақстан – Қарағанды» телеарнасының «Уақыт» бағдарламасында мемлекеттік рәміздерге арналған сұхбат, Facebook әлеуметтік желісінде Саран, Шахтинск қалаларындағы мемлекеттік ұйымдар мен мекемелерде өткізілген семинарлар жайында мақалалар жарияланып, айқындау жұмыстары жүргізілді.                                                                                                 Қарағанды, Жезқазған, Сатпаев қалаларындағы және Жаңаарқа, Ұлытау, Қарқаралы аудандарындағы 70 мемлекеттік ұйымдарында мемлекеттік рәміздерді пайдалануға байланысты мемлекетік рәміздер бойынша республикалық комиссиямен бірге тексеріс жұмыстары атқарылды. Комиссияның жүргізген тексеріс нәтижелері ағымдағы жылдың қарашасында Астана қаласындағы мемлекеттік рәміздер бойынша республикалық комиссиясының отырысында қарастырылды.

8.     12 ай ішінде жеке және заңды тұлғалардан 1679 өтініш келіп түсті, оның 1427 өтініші өнімдерді сертификаттауға байланысты техникалық регламенттердің талаптарын түсіндіруге, 252-сі областық кәсіпорныдардан өндіретін өнімдерді каталогтауға қатысты өтінімдер. Барлық өтініштер бойынша жауаптар мен түсініктемелер берілді.

9.     Облыс бойынша ТР ТС санатындағы аккредиттелген зертханалардың болмауы мәселесі импорттық өнімдерді сертификаттау бойынша аймақтағы кәсіпорындар үшін қиындықтар туғызуда.

10.                       Жұмыстың өнімділігін жақсарту үшін тапсырмалар мен жоспарлар:

-       мемлекеттік инспекторлардың біліктілігін жыл сайынғы оқыту, тәжірибе алмасу, өз бетімен оқу жолдары арқылы арттыру;

-       облыстық ұйымдар мен кәсіпорындарға өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасына, Кеден Одағы мен Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың техникалық регламент талаптарына қатысты дөңгелек үстелдер мен семинарлар өткізу;

-       өнімді декларациялау және сәйкестікті растау үрдісінің жүзеге асыру барысын кәсіпкерлерге түсіндіру;

-       мемлекеттік ұйымдар мен органдарда мемлекеттік рәміздерді пайдалану жөніндегі түсіндіру жұмыстары;

-       мемлекеттік метрологиялық бақылау жүргізу.

Төмендегі 13 субъектілерді жоспарланған тексерістер жүргізілмеді:

-       «Юма-запад» ЖШС, «Долголет» ЖШС, «Cosmedia» ЖШС, «Алып 2008» ЖШС,«Osten» ЖШС,«Интерстройсервис и К» ЖШС-де өлшеп орау, сату және импорттау кезіндегі кез-келген орам түрлеріндегі өлшеп оралған тауарлардың санын тексеруге арналған сенімделмеген құралдың болмауы себепті (көтерме және бөлшектеп сатумен айналысатын 6 кәсіпорын) (1-2 тоқсан);

-       «Нұрхан» ЖШС 28.12.2015 ж өндірісті жалға беруіне байланысты (1 тоқсан);

-       «Хлебопродукты» АҚ 2016 жылдың 4 кварталына дейін жүмыстың тоқтатылуы (1 тоқсан);

-       «Жезказган Сут и К» ЖШС 01.04.2015 ж мерзімінен бастап тарату сатысында (1 тоқсан);

-       «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің "Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Жезқазған филиалы» 30.09.2015 ж-дан бастап кәсіпорын қайта ұйымдастыру(1 квартал);

-       «Лад комир» ЖШС 27.01.2016жылдан бастап кәсіпорынның жұмысы белгісіз уақытқа тоқтатылуы (1 тоқсан);

-       «Компания «Жол жөндеуші» ЖШС - «Карагандинская дирекция по ремонту пути» бөлімшесі 05.02.2016 ж-дан бастап тарату сатысында

-       «Ырыс – 2004» ЖШС 11.07.2016ж-ғы №7 сату – сатып алу «Локомотив Транс 2011» ЖШС-мен мүлікті беру шартына байланысты;

-       «Саранское автотранспортное предприятие» ЖШС және «Гелиос» ЖШС ҚФ тәуекелдерді бағалау жүйесінің өзгеруіне байланысты (1-ші тоқсанда тексерілмей 3-ші тоқсанда тексерілді).


Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қарағанды облысы бойынша Департаментінің 2015 жылдың 5 айындағы мемлекеттік бақылау нәтижелері туралы

1. Жүргізілген мемлекеттік бақылау нәтижелері.

Департамент 41 тексеріс, оның ішінде 32 жағдайда бұзушылық белгіленген, оның 78% құрайды.

Барлық тексеріс нәтижесінен 11 партия өнімдері 509028 теңге құрайды.

Әкімшілік жауапкершілікке айыппұл ретінде 21 заңды тұлға жалпы алғанда 2705430 теңге құрайды, оның орындалғаны 2061280 теңге (76%).

Тексеріс нәтижелері бойынша 417 өлшем бірліктеріне қолдануға тыйым салынды.

2. Сатып алу және сынақ бойынша жүргізілген мемлекеттік бақылау.

Техникалық реттеу және метрология комитетінің (12.03.2015 ж. № 26-3-07/02-ЗТ-165) тапсырмасына сәйкес және Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 13.03.2015 ж. арызына байланысты «ДинамоАвтоЦентр» ЖШС-не жоспардан тыс тексеріс ашылды, сынақ жүргізуге ббайланысты 2015жылы наурыздың 27-нен сәуірдің 30-на дейін созылды, сынақ нәтижесі аяқталғанша тексеріс 27.04.2015ж. тоқтатылды.

Тексеріс нәтижесінде көтерме бағамен автомобильді майлар мен арнайы сұйықтық (тосол, антифриз) сататын «ДинамоАвтоЦентр» ЖШС-де анықталды:

11 партия арнайы сұйықтық (тосол, антифриз) тексеріліп, оның ішінде 4 партия:

1) Төментоңатын салқындату сұйықтық «SINTEC Антифриз-40 G11 (UNIVERSAL)» 1кг;

2) Төментоңатын салқындату сұйықтық «Антифриз SINTEC Ультра G11 -45» 1 кг;

3) Төментоңатын салқындату сұйықтық «Антифриз G-11 SIBIRIA-40» 1 кг;

4) Төментоңатын салқындату сұйықтық ОЖ-40 «Тосол» (Тосол Starex)

2012 ж. 20 шілдесінде № 59 Еуразиялық экономикалық кеңесі шешімімен бекітілген «Майланатын материалдар мен майларға және арнайы сұйықтарға қойылатын талаптар туралы» Кеден одағының техникалық регламентінің 4.2, 7.4 тармақтарына сәйкес таңбалау бойынша бұзушылық анықталды, нақтылай:

- «Тауар сертификатталған» деген жазу бар, ол тұтынушыны жаңылыстырады, өйткені тауар декларациялауға жатады;

- «Міндетті сертификаттауға жатпайды» деген жазу бар, ол тұтынушыны жаңылыстырады, өйткені тауар декларациялауға жатады;

- Ресей Федерациясында тіркелген декларация ұсынылғанмен ЕЭК өнімдер айналымының жалпы белгісі жоқ.

11 партия арнайы сұйықтық (тосол, антифриз) өнім таңбаларының орауышында салмағы «нетто» жоқ, ол МЕМСТ 28084-89 «Төментоңатын салқындату сұйықтық. Жалпы техникалық шарты» 2.4.2 тармақтарын бұзылғаны, сондықтан орауыштағы оралған тауардың санын анықтау үшін сатып алуға мүмкіндік болған жоқ.

ҚР СТ 2.156-2009 «Өлшенің буып-түйілген таурларды өлшеп буып-тую, сату және импорттан алу кезінде кез келген түрдегі олардың санын мемлекеттік метрологиялық бақылауды жүзеге асыру тәртібі» 3.7 тармағына сай тұтынушы тауарының номиналды (М), бұл саны тауар орауышында көрсетілген, бірақ есеп нәтижесінде алынған Т1 мәні берілген теріс ауытқу шегінің номиналды сан мен бір мән айырмашылығын нетто көрсетеді. өнім таңбаларының орауышында салмағы «нетто» жоқ. Сонымен «ДинамоАвтоЦентр» ЖШС-де сатылатын арнайы сұйықтық таңбасында «нетто» мәні жоқ, сондықтан ауытқуды есептеу мүмкін емес, өйткені өлшеу нәтижесінде МРК 6200 және МРКП-1 құралында ақаулы орау бірлігін есептеп шығарылмайды.

4 арнайы сұйықтық үлгісі сатып алынды:

1) Төментоңатын салқындату сұйықтық «SINTEC Антифриз-40 G11 (UNIVERSAL)» 1кг;

2) Төментоңатын салқындату сұйықтық «Антифриз SINTEC Ультра G11 -45» 1 кг;

3) Төментоңатын салқындату сұйықтық «Антифриз G-11 SIBIRIA-40» 1 кг;

4) Төментоңатын салқындату сұйықтық ОЖ-40 «Тосол» (Тосол Starex)

және барлығы аккредиттелген МӨСТО «ORGANIC» ЖШС-нің сынақ зертханасына жіберілді.

Ұсынылған сынақ хатамаларының нәтижесінде үлгілер:

1. Төментоңатын салқындату сұйықтық «Антифриз G-11 SIBIRIA-40» 1 кг «Майланатын материалдар мен майларға және арнайы сұйықтарға қойылатын талаптар туралы» (ТР ТС 030/2012) Кеден одағының техникалық регламентінің 1 қосымшасына бастапқы крисстализациялау температурасы бойынша сәйкес келмейді: - төментоңатын салқындату сұйықтық (-) минус 35º жоғары емес болу керек, ал нақтысында (-) минус 32º;

2. Төментоңатын салқындату сұйықтық ОЖ-40 «Тосол» (Тосол Starex) «Майланатын материалдар мен майларға және арнайы сұйықтарға қойылатын талаптар туралы» (ТР ТС 030/2012) Кеден одағының техникалық регламентінің 1 қосымшасына бастапқы крисстализациялау температурасы: - төментоңатын салқындату сұйықтық (-) минус 35º жоғары емес болу керек, ал нақтысында (-) минус 16º және МЕМСТ 28084-89 «Төментоңатын салқындату сұйықтық. Жалпы техникалық шарты» 4.4 тармақтарының фракциялық мәліметтері бойынша сәйкес келмейді:

- бастапқы айдау температурасы, 100ºС төмен емес, нақтысында - 87 ºС;

- температурасы 150ºС дейінгі айдау кезіндегі сұйықтықтың массалық үлесі 50 жоғары емес, нақтысында -62,2.

Үлгідегі метанол мәнін анықтауға мүмкін емес, өйткені «Майланатын материалдар мен майларға және арнайы сұйықтарға қойылатын талаптар туралы» (ТР ТС 030/2012) Кеден одағының техникалық регламенті және МЕМСТ 28084-89 «Төментоңатын салқындату сұйықтық. Жалпы техникалық шарты» талаптарында көрсетілмеген.

Тексеріс нәтижесінде «Майланатын материалдар мен майларға және арнайы сұйықтарға қойылатын талаптар туралы» (ТР ТС 030/2012) Кеден одағының техникалық регламентінің талаптарын бұзғаны үшін «ДинамоАвтоЦентр» ЖШС әкімшілік жауапкершілікке ҚР ӘЖК 415 б. 1,2 т. сәйкес тартылды және заңды тұлғаға 65 аек (128830 теңге) өлшемінде айыппұл салынды.

3. Сатып алу және сынақ емес бойынша жүргізілген мемлекеттік бақылау.

Департамент мұндай бақылау түрін жүргізген жоқ.

4. Метрологиялық қызметке, лицензияланған кәсіпорындарға метрологиялық бақылау және ӨБ қолдану мен мәртебесіне метрологиялық бақылау.

Өлшем бірліктерін қолдану мен мәртебесіне жоспарлы метрологиялық бақылау 39 шаруашылық субъектілеріне жүргізілген, оның ішінде 31-інде (79%) бұзушылық анықталған.

Метрологиялық бақылау нәтижесінде 31 заңды тұлғаға айыппұл салу түрінде (2378400 теңге) әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 375 салыстырып тексерілмеген өлшем бірлігін қолданудан алып тастау туралы және бұзушылықты жою туралы ұйғарымдар берілді. Орындалу 1734250 тенге (73%).

5. Жоспардан тыс тексерістер

Жоспардан тыс 2 тексеріс жүргізілді, оның ішінде Комитет тапсырысы бойынша – 1, құқық қорғау органдарымен- 0, өтініш пен арыз бойынша – 1. Бұзушылық 1 –де ғана анықталды, 50% құрайды.

Әкімшілік айыппұл - 2 салынды, 327030 теңгеге, оның - 327030 теңге (100 %) орындалған.

Департамент 443 өтініш қарастырды, оның ішінде: заңды – 355, жеке тұлға – 88, мемлекеттік мекемеден -0.

Жоспардан тыс (мазмұны, нәтижесі) тексерістер бойынша толық мәлімет.

1. Бір жоспардан тыс тексеріс - Комитет тапсырмасы және Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 13.03.2015 ж. өтінішіне байланысты «ДинамоАвтоЦентр» ЖШС-не жүргізілген, жоғарыда көрсетілген.

2. Қарағанды облысының прокуратурасы (03.06.2015 ж. № 26-7-11-10-33/262) тапсырмасы бойынша «Центргеоланалит» ЖШС СЗ-ның «Аркада индастри» ЖШС-на сынақ хаттамасының (тапсырыс № 3837-11-14 «АУЕН» ЖШС-нан Астана қ., Ташенова4/2 көш., пәт. 15 «Шонтыколь-1» салымы Аршалинск ауданы Ақмола облысы) заңды түрде берілгенін тексеру. Департамент тексерісті тағайындау туралы 04.06.2015 ж. № 53 акт шығарды, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі басқармасында 04.06.2015 ж. № 153500612/00018 тіркелді.

«Центргеоланалит» ЖШС СЗ-ның басшысы В.И Брюховпен бекітілген ДП ЦГА 16-03-12 «Сынаққа түскен үлгілердің айналым тәртібі» сәйкес 21.01.2012 ж. барлық сынаққа түскен үлгілер үлгілерді тіркеу журналында тіркеледі, журнал нөмірленген, байланған.

Үлгілерді тіркеу журналында 05.11.2014 ж. № 3837-11-14 тапсырыс «АУЕН» ЖШС-нан келген «гранит» үлгісі жоқ. Ал 05.11.2014 ж. № 3837-45-13 «Tau Projekt» ЖШС-нан келген «грунт» үлгісі тіркелген.

«Центргеоланалит» ЖШС СЗ-ы үлгілерді тіркеу журналына сәйкес «АУЕН» ЖШС-нан үлгілер келіп түспеген.

«Центргеоланалит» ЖШС СЗ-ның көмір, мұнай және газ зертханасы басшысының міндетін атқарушы Н.Н. Астанкованың түсініктемесіне сәйкес 05.11.2014 ж. № 3837-11-14 сынақ хатамасы берілмеген.

Инженерлік-геологиялық зерттеу сынақ басшысы И.В. Федорченконың түсініктемесіне сәйкес «АУЕН» ЖШС-нан «гранит» үлгісі 2014 жылы түспеген.

Жоғарыда көрсетілгендей, «Центргеоланалит» ЖШС СЗ-ы «АУЕН» ЖШС-нан «гранит» үлгісін сынау үшін қабылдамаған және 05.11.2014 ж. № 3837-11-14 сынақ хаттамасын бермеген.

3. Сонымен қатар Қарағанды облысы прокуратурасының 05.01.2015ж. № 15/715193000100 қаулысы бойынша «Медицинская фирма «Гиппократ» ЖШС-да медициналық қызмет көрсетудегі өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заң талаптарын сақталуын тексеруге қатысты.

Тексеріс нәтижесінде, «Медицинская фирма «Гиппократ» ЖШС медициналық қызмет көрсетуде ҚР «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңының 17б. 6т. және 19 б. 1 т. бұзғаны туралы анықталды, нақтылай:

- мемлекеттік метрологиялық бақылауға жататын 75 б. өлшем құралынан, 39 б. салыстырып тексерілмеген, ол ҚР «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңының 19 б. 1 т. бұзылғаны және 3б. өлшем құралы метрологиялық аттестациядан немесе түрін бекіту мақсатында сынақтан өтпеген болып қолданылған, ол ҚР «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңының 17б. 6т. бұзылғаны.

Тексеру нәтижесінде акт жазылмайды, анықтама жазылып Қарағанды облысы прокуратурасына бағытталды. Облыс прокуратурасының 10.02.2015 ж. №2-08-15-02362 ұсынысына сәйкес өлшем бірлігін қамтамасыз ету заңдылығының талаптарын бұзғаны үшін «Медицинская фирма «Гиппократ» ЖШС-не 100 АЕК – 198200 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды, қолдануға жарамсыз өлшем бірлігін қолданудан алып тастау туралы және бұзушылықты жою туралы ұйғарымдар берілді

6. Сотөндірісі (шағым, күшін жою және т.б)

«Улытау ауданының көпсалалы мемлекеттік коммуналдық шаруашылығы» КМК қарасты бір әкімшілік іс, ерікті түрде айыппұл төлемегендіктен ҚР ӘҚБК 895 б. сәйкес сот орындаушыларына міндетті түрде төлету үшін бағытталған.

7. Мемлекеттік рәміздерді мониторингтеу жөнінде қызметі

- Департаментте мемлекеттік рәміздерді мониторингтеу 2015 жылы республикалық комиссия жұмыс шегінде жүргізілген жоқ.

- мемлекеттік рәміздерді мониторингтеу облыстық комиссия жұмыс шегінде әкімдіктің ішкі саясат басқармасымен қоса жүргізілді.

Мемлекеттік рәміздер жөніндегі облыстық комиссия жұмысы шегінде, ТРжМК Қарағанды облысы бойынша Департаментінің басшысы тұрғылықты мүшесі болып келеді. Сондықтан ҚР «Мемлекеттік рәміздер туралы» Заңының талаптарын орындаудағы жұмыс тобы тексерістеріне қатысады. 2015 жылдың 5 айында 58 мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар: Сатпаев, Жезқазған, Улытау ауданы, Қарағанды қаласының Қазыбек би және Октябрь аудандарында болып қайтты.

Негізгі бұзушылықтар: мемлекеттік мекемелердің ғимараттарында мемлекеттік тулардың жоқтығы, орналасу тәртібін бұзу, мемлекеттік рәміздердің және олардың бейнелерінің ұлттық стандартқа түсі бойынша сәйкес келмеуі, мемлекеттік рәміздерді жою немесе ауыстыру актілерінің жоқтығы, мемлекеттік рәміздер бұрышын эстетикалық емес тұрғыда ресімдеу. Көбінесе осы уақытқа дейін мемлекеттік органдарда мемлекеттік рәміздерді табиғи киюден болатын (сынықтар, сызаттар, дақтар, біртексіз бояуы және т.б.) кемшіліктері көп кездеседі. Кейбір мемлекеттік органдарда стандарттағы өзгеріске сай жасалынған елтаңба мөрі жоқ. Кейбір мекемелердің ресми дайындамаларында ҚР Мемлекеттік Елтаңбасы қара-ақ, рәміз элементтері дұрыс басылмаған. Мемлекеттік рәміздер жөніндегі облыстық комиссия мәжілістерінде қала және аудан әкімдері барлық бұзушылықтар жойылғаны туралы баяндады.

Осы Жезқазған әкімдігіне барған сапарда ҚР СТ 989-2014 «Қазақстан Республикасының елтаңбасы. Техникалық шарты» енгізу мен бейімдеу жөнінде семинар өткізілді. Бұл семинарда мемлекеттік органдар мен кәсіпорындар өкілдері қатысты, Департаменттің бас маманы - мемлекеттік рәміздерді жөніндегі облыстық комиссия мүшесі Н.А.Сатыбалдинов баяндама жасады. Сонымен қатар 2015 жылы 22 мамырда (селектор түрінде) Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасымен бірге ҚР СТ 989-2014 «Қазақстан Республикасының елтаңбасы. Техникалық шарты» жаңа стандартының талаптарын түсіндіру мақсатында семинар өткізілді. Семинарда аудан, қала ішкі саясат басқармаларының басшылары, мемлекеттік облыстық мекемелер басшылары мен кәсіпорын, мемлекеттік рәміздерді шығаратын кәсіпорын өкілдері қатысты. Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Қарағанды облысы бойынша Департаментінің басшысы баяндама жасады.

8. Ақпараттық –насихаттау қызметі (аймақтық штаб (АШ), БАҚ –да мемлекеттік бақылау мәселелерін жария ету, дөңгелек столдар, семинар-мәжілістер, басқа да отырыстарға қатысу, сонымен қатар сыбайлас жемқорлық қызметіне байланысты).

Есеп мерзімінде 4 АШ мәжілісі өтті (соның ішінде әкім орынбасары төралығымен, аймақтық штаб төрағасы – 4):

30.01.2015 ж.,18.03.2015 ж., 23.04.2015 ж., 28.05.2015 ж.

Аймақтық штаб мәжілістерінде 6 техникалық регламент қарастырылып талқыланды:

1. Кеден Одағының Техникалық регламенттер жобалары: «Азаматтық қорғанысқа арналған өнімдер қауіпсіздігі туралы», «Табиғи және техногенді жағдайлардағы төтенше жағдай кезіндегі халықты қорғауға арналған өнімдер қауіпсіздігі туралы»;

2. Қазақстан Республикасының «Стандарттау туралы» Заңының концепциясының тұсаукесері, Қазақстан Республикасының «Өлшем бірліктерін қамтамасыз ету туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының концепциясы қарастырылды;

3. КО ТР «Ауылшаруашылық және орманшаруашылық тракторлармен олардың тіркемелерінің қауіпсіздігі туралы», КО ТР жобалары: «Арналар мен арна қоспалары қауіпсіздігі туралы», «Минеральды тыңайтқыштар талаптары туралы»;

4. «Техникалық реттеу жөнінде аймақтық штаб жұмысының ролі туралы», «Қәзіргі уақыттағы Еуразиялық экономикалық комиссиясының техникалық реттеу саласында істеліп жатқан жұмыстар туралы», «Ұлттық аккредитациялау орталығының қызметі туралы, Қарағанды облысының сынақ зерттханалар мониторингі туралы, Халықаралық стандарттарға сәйкес зертханалар мен сәйкестікті растау жөніндегі органдарды аккредиттеу туралы, халықаралық кәсіпорындар мен шетел мемлекеттерінің Қазақстан Республикасындағы аккредитациялау субъектілерінің жұмыстарының нәтижелерін таныту үшін жағдай жасалуы туралы», «Көмір және олардың тазартылған өнімдері талаптары» ЕАЭО ТР жобасын ұсынылып қарастырылды.

Нәтижесінде КО ТР - 12 ұсыныс келіп түсті.

Есеп мерзімінде 8 - «Дөңгелек стол» мәжілісі өтті.

- 20.01.15ж. КО ТР «Құс еті және одан өңделген өнімдердің қауіпсіздігі» жобасы қарастырылды. «Дөңгелек стол» мәжілісінде 9 өндірістік кәсіпорындар өкілдері, СРО, мемлекеттік органдар қатысты. Талқылану нәтижесінде жобаға «Акнар ПФ» ЖШС-нан 1 ұсыныс түсті;

- 12.02.15ж. ЕАЭО ТР «Электротехника және радиоэлектроника бұйымдарына қауіпті заттарды қосуды шектету туралы» жобасы талқыланды, «Казцентрэлектропровод» ЖШС-нан 1 ұсыныс түсті;

- 05.03.15ж. Стандарттар тізіміне өзгеріс енгізу жобасын қарастыруда, нәтижесінде ерікті негізде КО ТР «Парфюмерно-косметикалық өнімдірдің қауіпсіздігі туралы» талаптары орындалады. Отырыста сәйкестікті растату органдардың 3 өкілі қатысты. Нәтижесінде жобаға ұсыныстар болмады;

- 19.03.15ж. 11-Халықаралық стандарттар жобасы қарастырылды. Отырыста тағам кәсіпорындарының 9 өкілі қатысты. Нәтижесінде жобаға ұсыныстар болмады;

- 13.04.15ж. ЕАЭО «Буылған су, сонымен қатар табиғи минералды сулардың қауіпсіздігі туралы» ТР жобасы талқыланды, ЖК Д.В.Дубовичтен 1- ұсыныс түсті;

- 19.05.15 ж. ЕАЭО ТР «Химиялық өнімдердің қауіпсіздігі туралы», «Синтетикалық жуу құралдары мен тұрмыстық химия тауарларының қауіпсіздігі туралы», «Боя материалдарының қауіпсіздігі туралы» ТР жобалары талқыланды, "КОФ Центр СЭЭ" РМК- нан 1- ұсыныс түсті;

- 23.05.15 ж. Қарағанды облыс әкімдігінде облыс әкімінің қатысуымен мемлекеттік рәміздер жөніндегі облыстық комиссия мәжілісі өтті.

Ішкі саясат басқармасымен бірге ҚР СТ 989-2014 «Қазақстан Республикасының елтаңбасы. Техникалық шарты» жаңа стандартының талаптарын түсіндіру мақсатында семинар өткізілді. Онда Сатпаев, Жезқазған, Улытау, Приозерск, Жаңаарқа, Ұлытау аудандарының, Қарағанды қаласының Қазыбек би және Октябрь аудандарының әкімдері мемлекеттік рәміздерді насихаттау жмыстары жөнінде есеп берді. Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Қарағанды облысы бойынша Департаментінің басшысы «Мемлекеттік мекемелерінің веб-сайтында ҚР мемлекеттік рәміздерді орналастыруда ұлттық стандарттарды сақтау туралы және ҚР СТ 989-2014 «Қазақстан Республикасының елтаңбасы. Техникалық шарты» ұлттық стандартының талаптары туралы баяндама жасады;

- 29.05.15 ж. Н.В. Гоголя атындағы облыстық кітапханада Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасы мемлекеттік рәміздер күніне арнап мемлекеттік мекемелерге «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін насихаттау формасы мен тәсілдері» атты жылдық семинар өткізді. Онда Абай ауданының ІСБ, мемлекеттік рәміздер жөніндегі облыстық комиссияның мүшесі облыс прокуратурасының мемлекеттік рәміздерін насихаттау жұмысы туралы есептері тыңдалды. Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Қарағанды облысы бойынша Департамент басшысының орынбасары «Мемлекеттік мекемелерінің веб-сайтында ҚР мемлекеттік рәміздерді орналастыруда ұлттық стандарттарды сақтау туралы және ҚР СТ 989-2014 «Қазақстан Республикасының елтаңбасы. Техникалық шарты» ұлттық стандартының талаптары туралы» баяндама жасады.

12.02.15 ж. Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қарағанды облысы бойынша Департаменті басшылығы «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Қарағанды филиалының және «Қазақстан метрология институты» РМК Қарағанды филиалының өкілдерімен жұмыстық сапармен Саран қаласында болып, ондағы индустриализациялау Картасына кірген кәсіпорын жұмыстарымен танысты.

2015 жылға Қарағанды облысындағы өндірістер мен кәсіпорындарға техникалық регламенттер мен стандарттарды, сонымен қатар менеджмент жүйесі стандарттарын енгізу жөніндегі Аймақтық жоспардың 1.3 және 1.4 тармақтарын орындау барысында темір бетон өнімдерін өндіретін «ККК Бетон» ЖШС өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында осы өндірістің сапа жөніндегі инженері Д.А.Мырзахметов өндірістегі техникалық реттеу саласындағы ахуалдар туралы айтып берді.

Индустриализациялау Картасындағы жобаларды аралау нәтижесінде кәсіпорындарға техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында тәжірибелі көмек көрсету туралы, «КабельТестСтандарт» сынақ орталығында зертхананы аккредиттеу мен ТБӨ сынау орталығын құру туралы мәселелерді шешу үшін керек нормативтік құжаттардың талаптарын түсіндіру туралы «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Қарағанды филиалы мен «Қазақстан метрология институты» РМК Қарағанды филиалына сәйкесті нұсқаулар берілді.

31.03.15 ж. Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қарағанды облысы бойынша Департаменті басшылығы «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Қарағанды филиалының және «Қазақстан метрология институты» РМК Қарағанды филиалының өкілдерімен жұмыстық сапармен «Пархоменко атындағы Қарағандылық көлікқұрылыс зауыты» ЖШС-не барды. Онда техникалық реттеу және метрология мәселелері бойынша мәжіліс өтткізіп, кәсіпорын жұмысымен танысты.

Мәжіліс нәтижесінде нақты нұсқаулар берілді:

- «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Қарағанды филиалына «Пархоменко атындағы Қарағандылық көлікқұрылыс зауыты» ЖШС-не өндіретін өнімге қажетті стандарттар, нормативтік базамен қамтамасыз ету және кәсіпорынға бекітілген КО ТР туралы ақпарат беру;

- «Қазақстан метрология институты» РМК Қарағанды филиалы «Пархоменко атындағы Қарағандылық көлікқұрылыс зауыты» ЖШС-мен бірге өлшем бірліктері жөнінде жұмыс атқару.

27.05.15 ж. Техникалық реттеу және метрология комитетінің жұмыс тобы

«Көмір» Ғылыми-зерттеу орталығы» ЖШС-не барып, сынақ зертханасымен танысты.

Мәжіліс нәтижесінде штаб мүшелеріне, кәсіпкерлік субъектілеріне нақты ұсыныс жасау туралы нұсқаулар берілді:

- Қарағанды облысында сынақ зертханаларын құру, не болмаса қысқа мерзімде сынақ зертханаларын жаңарту;

- талқыланып отырған техникалық реттеу жобасына ескертпелерді Энергетика Министрлігіне жолдансын;

Бұқаралық ақпарат құралдарында техникалык реттеу, енгізу, халықаралық стандарттарға сәйкес менеджмент жүйелерін дамыту мәселелері жарық көреді, газеттер мен журналдарға жарияланым дайындалады, соның ішінде:

1. Техникалык реттеу жане метрология комитетінің сайтында «Аймақтардан ақпарат» айдарында орналастырылған:

- техникалык реттеу мәселелері жөнінде аймақтық штаб мәжілістерін өткізу туралы айма-ай ақпарат;

- Саран қаласында 12.02.2015 ж. индустриализация картасына кіретін кәсіпорындарға бару туралы ақпарат.

- Қазақстан Республикасының заңнамасының және Кеден Одағының Техникалық регламенттерін талқылау жөніндегі 13.01 мен 26.01.2015 ж., 16.02.2015ж. өткізілген үш дөңгелек стол туралы ақпарат.

-12.01.15 ж. «Қазақстан-Қарағанды» арнасына Департаменттің бөлім бастығы 09.12.2011 ж. Кеден одағының комиссия шешімімен бекітілген № 877 «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» (№018/2011) Кеден одағының Техникалық регламенті туралы түсіндірме жасады.

04.06.2015ж. «5-канал» арнасына Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Қарағанды облысы бойынша Департамент басшысының орынбасары «Мемлекеттік мекемелерінің веб-сайтында ҚР мемлекеттік рәміздерді орналастыруда ұлттық стандарттарды сақтау туралы және ҚР СТ 989-2014 «Қазақстан Республикасының елтаңбасы. Техникалық шарты» ұлттық стандартының талаптары туралы» түсіндірме жасады.

- Жезқазған қалалық «Дидар» телеарнасында «Қаланың жаңалықтары» айдарында ҚР СТ 989-2014 «Қазақстан Республикасының елтаңбасы. Техникалық шарты» жаңа стандартының талаптарын түсіндіру мақсатында өткізілген семинар жарыққа шықты.

- «Көмір және олардың тазартылған өнімдері талаптары» ЕАЭО ТР жобасын талкыланған аймақтық штаб мәжілісі туралы «5 Канал» телеарнасында жаңалықтарда арқау көрсетілді.

- «Северное прибалхашье» газетіндегі жарияланған мақалалар: В Казахстане ездить на потертой резине запрещено», «Қазақстан Республикасының «Өлшем бірліктерін қамтамасыз ету туралы» Заңына енген өзгерістер туралы», «Өлшем бірліктерін қамтамасыз етудегі жаңалықтар»;

- Жезқазған қалалық «Сарыарка» газетінде «Жақын болашақ жолдары» атты мақала;

          - «Новости Госстандарта» журналында орналастырылған мақалалар: КО «Көлік жолдарының қауіпсіздігі туралы» ТР күшіне енуіне байланысты «Жакын болашақтағы жолдар» атты мақала, «Экспо 2017» байланысты жаңа жобалар», «Кәсіпкерлерге интерактивтік көмек!».


Министр блогы

Қасымбек
Жеңіс Махмұдұлы

«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУЫНДА ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУ

загрузка карты...