Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

Техникалық реттеу және метрология комитеті

  • 2016 жылы өткізілген аймақтық штаб отырыстар саны - 73-нан астам
  • Нормативтік техникалық құжаттардың мемлекеттік бірыңғай қорындағы стандарттардың жалпы саны - 69500 
  • Комитеттің Департаменттерімен 2016 жылғы жүргізілген тексерістер саны - 1228 
  • 2016 жылы әзірленген ұлттық стандарттар саны - 747

Cәйкестік сертификаттарын шығару заңдылығы туралы халықаралық ынтымақтастық

МКК органдарымен және басқа да бағыттар бойынша бірлескен, соның ішінде, тіркелмеген өкілдердіктердің заңсыз қызметін және кәсіпкерлерді жаңылыстыруға әкелу жолын кесу бойынша жұмыстар жалғасуда.
Қазақстанда өңірлер бойынша сәйкестік сертификаттарын, сәйкестік туралы декларацияларын беру, соның ішінде, Кеден одағы бойынша шұғыл қызмет көрсету туралы хабарламаларды жапсыру жағдайлары жиіленіп кетті.
Осыған байланысты, Комитеттің және аккредиттеу бойынша Федералдық қызмет (Ресейаккредиттеу) өкілдерінің арасында ұйымдар өкілдерінің заңсыз қызмет фактілері бойынша келіссөздері өтті.
Мәселен, Татарстан Республикасы бойынша Ішкі істер министрлігі «ГОСТСЕРТГРУПП» БҚҰ-ың материалдарын қарап, осы ұйым аккредиттелмегендігін анықтады.
Демек, «ГОСТСЕРТГРУПП» БҚҰ-да сәйкестік сертификаттары мен сәйкестік туралы декларацияларын беру бойынша қызметті жүзеге асыруға заңды негізі жоқ.
Қазақстандық тараптың өтініші бойынша, бұрын РФ аккредиттеу бойынша Федералдық қызметі бұзушылық фактілері бойынша материалдарды Ресейдің құқық қорғау органдарына жіберді.
Осыған байланысты, кәсіпкерлерге абай болуларын және сертификатты тез және арзан рәсімдеуге уәде беретін күмәнді тұлғалардың қызметтерін қолданбауларын ескерте кеткіміз келеді, өйткені сәйкестікті растау рәсімдерін белгіленген тәртіпте барі бір өтуге тура келеді, бірақ әкімшілік айыппұл төлей отырып, оның қызметін жарамсыз деп тану.
Осы сияқты жағдайлар анықталған кезде, қолданыстағы тәжірибе бойынша күмәнді қызметтерді көрсететін тұлғаларға қатысты материалдар жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау органдарына жіберілетін болады.

Жаңартылды: 23.12.2015 17:16:08.
Жарияланды: 23.12.2015 17:16:08.

Министр блогы

Қасымбек
Жеңіс Махмұдұлы

«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУЫНДА ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУ

загрузка карты...