Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

Техникалық реттеу және метрология комитеті

  • 2016 жылы өткізілген аймақтық штаб отырыстар саны - 73-нан астам
  • Нормативтік техникалық құжаттардың мемлекеттік бірыңғай қорындағы стандарттардың жалпы саны - 69500 
  • Комитеттің Департаменттерімен 2016 жылғы жүргізілген тексерістер саны - 1228 
  • 2016 жылы әзірленген ұлттық стандарттар саны - 747

ҚР аумағына заңсыз кіргізілген көлік құралдар мемлекеттік тіркеуден алынатын болады

Календарь новостей
17.11.2017

ҚР аумағына заңсыз кіргізілген көлік құралдар мемлекеттік тіркеуден алынатын болады

           Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология Комитеті Қытай Халықтық Республикасымен (ҚХР) шығарылған жүк автокөліктеріне қатысты заңсыз берілген көлік құралдары құрылымының қауіпсіздігі туралы куәліктерін тексеру бойынша белсенді жұмыс атқарылды.

Тексеріс нәтижесінде 290 автомобильге заңсыз берілген куәліктердің күші жойылды. Бұл автомобильдер шұғыл түрде жол полиция органдарында мемлекеттік тіркеуден алынады.

Сондай-ақ, жоғарыда аталған куәліктерді берген ЖШС «Автоцентр-Нурсан» сынақ орталығының аккредиттеу аттестаты қайтарылды.

ЖШС «Автоцентр-Нурсан» сынақ орталығымен ҚХР-да шығарылған Евро-3,      Евро-2 экологиялық класты жүк автомобильдеріне Евро-4 экологиялық класты дәлелдейтін куәліктердің берілгені өткізілген тексеріс негізінде анықталды.

Автомобильдердің сәйкестендіру нөмірімен (VIN) бірге 290 куәліктің тізімі  Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шараларды қабылдау үшін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрілігі Әкімшілік полиция комитетіне жіберілді.

Комитетпен осыған ұқсас бұзушылықтарды айқындау бойынша кезекті жұмыстар жүргізіліп отырады.

«Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» (КО ТР 018/2011) Кеден одағы техникалық регламентіне сәйкес Кеден одағы мүше-мемлекеттері өздерінің заңды мүдделерін қорғауды басшылыққа ала отырып техникалық регламенттің талаптарына сай келмейтін өнімді өз нарығына өткізбеу шараларына кіріседі. Осы мақсатта Кеден одағының мүше-мемлекеттері өздерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес техникалық регламенттің объектісіне жататын айналымдағы көлік құралдары мен оның компоненттеріне мемлекеттік бақылау жүргізеді. Кеден одағы мүше-мемлекеттерінің мемлекеттік бақылау органдары техникалық регламенттің талаптарына сәйкес келмейтін көлік құралдарын сот тәртібінде ықтиярсыз қайтарып алуға құқығы бар.

Соған байланысты, ҚР аумағына техникалық регламенттің талаптарына сәйкес емес барлық заңсыз кіретін көлік құралдары жол полициясы органдарында мемлекеттік тіркеуден алынатын болады.



Просмотров: 165

Возврат к списку



Министр блогы

Қасымбек
Жеңіс Махмұдұлы

«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУЫНДА ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУ

загрузка карты...