Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

Техникалық реттеу және метрология комитеті

  • 2016 жылы өткізілген аймақтық штаб отырыстар саны - 73-нан астам
  • Нормативтік техникалық құжаттардың мемлекеттік бірыңғай қорындағы стандарттардың жалпы саны - 69500 
  • Комитеттің Департаменттерімен 2016 жылғы жүргізілген тексерістер саны - 1228 
  • 2016 жылы әзірленген ұлттық стандарттар саны - 747

«Астана – жаңа қала» АЭА қатысушы – кәсіпорын «ZTOWN Development» ЖШС бару

Календарь новостей
20.11.2017

«Астана – жаңа қала» АЭА қатысушы – кәсіпорын «ZTOWN Development» ЖШС бару

          2017 жылдың 17 қарашада Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаментімен техникалық реттеу, өлшем бірлігін қамтамасыз ету, сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамаларын түсіндіру мақсатында, және де күрделі мәселелерді анықтап оларды шешу жолдарына көмек көрсету мақсатаныда «Астана – жаңа қала» қатысушы – кәсіпорынмен «ZTOWN Development» ЖШС дөңгелек үстел өткізілді.

Осы іс-шараға «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК, «Қазақстан метрология институты» РМК және «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС өкілдері қатысты.

«ZTOWN Development» ЖШС Қазақстан базарларында ветеринарлық бұйымдарды өндіріп, жеткізуші болып табылады.

Кездесу барысында «ZTOWN Development» ЖШС өкілімен ветеринарлық салада ұлттық стандарттарты әзірлеу мүмкіндігі және Беларус Республикасының нарығына шығу мәселесі бойынша сұрақтар көтерілді.

Осы сұрақтарға келесі жауаптар берілді:

- халықаралық стандарттар ҚР СТ 1.2-2013 стандарты талаптарына сәйкес әзірленеді және бұл стандартпен нармотивтік техникалық құжаттардың бірыңғай қоры сайтында танысуға болады;

-  Беларусь Республикасының нарығында өнімді айналымға шығару үшін, сол елдің халықаралық стандартын алу үшін, «ZTOWN Development» ЖШС өкіліне «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК  тиісті хат жолдау ұсынылды.

Кездесу соңында жұмыс тобының өкілдеріне өнімдерді каталогтау бойынша, ұйым стандарттарының негізінде ұлттық стандарттарды әзірлеу бойынша, зертханаларды аккредиттеу бойынша,  өлшем құралдарын өлшем бірлігін қамтамассыз етудің мемлекеттік жүйе тізіліміне енгізу бойынша ұсынымдар айтылып, Қазақстан Республикасында орналасқан Кеден одағының аккредиттеу субъектілерінің базасын қолдану тәртібі түсіндірілді. 



Просмотров: 155

Возврат к списку



Министр блогы

Қасымбек
Жеңіс Махмұдұлы

«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУЫНДА ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУ

загрузка карты...