Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

Техникалық реттеу және метрология комитеті

  • 2016 жылы өткізілген аймақтық штаб отырыстар саны - 73-нан астам
  • Нормативтік техникалық құжаттардың мемлекеттік бірыңғай қорындағы стандарттардың жалпы саны - 69500 
  • Комитеттің Департаменттерімен 2016 жылғы жүргізілген тексерістер саны - 1228 
  • 2016 жылы әзірленген ұлттық стандарттар саны - 747

Көшпелі семинар өткізілді

Календарь новостей
24.11.2017

Көшпелі семинар өткізілді

         Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті  қызметкерлерімен Қызылорда облысы Қармақшы  аудандық     кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің мамандарымен және Қызылорда  облысының  кәсіпкерлер  палатасының Қармақшы  ауданындағы филиалы қызметкерлерімен, Қызылорда облыстық және аудандық прокуратурасының қызметкерлерімен  бірлесе  отырып,  ауданның    кәсіпкерлеріне «Бизнесті заңсыз тексерулерден қорғау» және техникалық реттеу мен метрология заңналмалары бойынша түсіндірме  жұмыстарын  жүргізу мақсатында көшпелі семинар жүргізілді. 

              Қызылорда  облысының  кәсіпкерлер  палатасының Қармақшы  ауданындағы филиалының директоры А.Шоқбаров іс-шара тақырыптары бойынша кәсіпкерлерге қысқаша түсіндіріп сөз кезегін прокуратура қызметкерлері мен Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің мамандарына берді.         

             Департаменттің бас маманы С.Қасымов өз кезегінде кәсіпкерлерге Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы», «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету  туралы» Заңдары, Қазақстан Республикасы  Үкіметінің 2005 жылғы 20 сәуірдегі № 367 «Қазақстан Республикасында өнімдерді міндетті растау туралы» қаулысы, ҚР  Үкіметінің 2008 жылғы 21 наурызындағы № 277 қаулысымен бекітілген «Буып-түюге, таңбалауға, затбелгі жапсыруға және оларды дұрыс түсіруге қойылатын талаптар» техникалық регламенті және өзге де нормативтік актілер талаптары, сонымен қатар Кеден одағының техникалық регламенттері тақырыбтары бойынша  түсіндіріп  өтті. 

         Семинар барысында қатысушылар тарапынан өздерін толғандырып жүрген мәселелер бойынша сұрақтар қойылып сол сұрақтарға Департамент мамандары тарапынан толығымен жауап берілді.

             Семинар  соңында  аудан  кәсіпкерлеріне  Техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнама мәселелері бойынша сұрақтар болған жағдайда,  Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігіне қарасты ТРжМК-нің Қызылорда облысы бойынша департаментіне хабарласып, қосымша ақпарат алуға болатындығы хабарланды.



Просмотров: 136

Возврат к списку



Министр блогы

Қасымбек
Жеңіс Махмұдұлы

«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУЫНДА ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУ

загрузка карты...