Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

Техникалық реттеу және метрология комитеті

  • 2016 жылы өткізілген аймақтық штаб отырыстар саны - 73-нан астам
  • Нормативтік техникалық құжаттардың мемлекеттік бірыңғай қорындағы стандарттардың жалпы саны - 69500 
  • Комитеттің Департаменттерімен 2016 жылғы жүргізілген тексерістер саны - 1228 
  • 2016 жылы әзірленген ұлттық стандарттар саны - 747

Өскемен қаласында Қазақстан Республикасының рәміздерін орналастыру және қолдану, сондай-ақ тексеру монторингтері ұйымдастырылды

Календарь новостей
28.11.2017

Өскемен қаласында Қазақстан Республикасының рәміздерін орналастыру және қолдану, сондай-ақ тексеру монторингтері ұйымдастырылды

         2017 жылдың 23 қарашасында Қазақстан Республикасының мемелекеттік рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу мақсатында, сондай-ақ жас ұрпақты отан сүйгіштікке, патриотизмге және азаматтық жауапкершілігін арттыруга тәрбиелеу мақсатында Өскемен қаласының Білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен онлайн режімінде селекторлық мәжіліс өткізілді. Бұл отырыста шығыс Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасы, техникалық реттеу және метрология Комитетінің ШҚО департаментінің мамандары, сонымен қатар облыстық білім беру ұйымдарының басшылары мен ШҚО білім беру ұйымдары қатысты.

        Мәжілісте  Қазақстан  Республикасының  рәміздерін пайдалану  және  орналастыру  қағидасы толық түсіндірілді. Облыс көлеміндегі мектептерден келіп түскен сұрақтарға жауап берілді.

          Отырыста техникалық реттеу және метрология комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің бас маманы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы» ҚР СТ 989-2014 және  «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы»  ҚР СТ 988-2007 стандартары жөнінде және рәміздер өндіруші лицензияттар туралы түсіндірме жүргізді.

          Өскемен  қаласы   әкімдігінің  бастамасымен 2017  жылдың 27  қарашасында Техникалық реттеу  және метрология комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің және Өскемен қалалық ішкі саясат бөлімінің мамандары Өскемен қаласы әкімдігінің алты дербес бөліміне Мемлекеттік рәміздердің мониторингі жүргізілді.

            Тексеру барысында  сәйкессіздіктер  анықталған жоқ.



Просмотров: 138

Возврат к списку



Министр блогы

Қасымбек
Жеңіс Махмұдұлы

«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУЫНДА ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУ

загрузка карты...