Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

Техникалық реттеу және метрология комитеті

  • 2016 жылы өткізілген аймақтық штаб отырыстар саны - 73-нан астам
  • Нормативтік техникалық құжаттардың мемлекеттік бірыңғай қорындағы стандарттардың жалпы саны - 69500 
  • Комитеттің Департаменттерімен 2016 жылғы жүргізілген тексерістер саны - 1228 
  • 2016 жылы әзірленген ұлттық стандарттар саны - 747

«Business Development Group Telematics» ЖШС кәсіпорнымен Техникалық реттеу және метрология туралы Қазақстан Республикасының заңнамаларын түсіндіру бойынша дөңгелек үстел өткізілді

Календарь новостей
28.11.2017

«Business Development Group Telematics» ЖШС кәсіпорнымен Техникалық реттеу және метрология туралы Қазақстан Республикасының заңнамаларын түсіндіру бойынша дөңгелек үстел өткізілді

           Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК, «Қазақстан метрология институты» РМК және «Ұлттық аккредиттеу орталығы» өкілдерімен бірлесе отырып техникалық реттеу, өлшем бірлігін қамтамасыз ету, сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамаларын түсіндіру мақсатында, және де күрделі мәселелерді анықтап оларды шешу жолдарына көмек көрсету үшін «Business Development Group Telematics» ЖШС түсіндірме жұмыстарын жүргізді.  

             «Business Development Group Telematics» ЖШС – кәсіпорыны шеңберінде мемлекеттік-жекешелендіру әріптестіктігі "Ұлттық ақы төлеу жүйесі элементтерімен зияткерлік кәсіпорыны Қазақстан Республикасының автожолдары транспорт жобаны іске асырумен айналысады. Кездесу мақсаты «Business Development Group Telematics» ЖШС  қолдау көрсетуге, техникалық реттеу, метрология және акредиттеу сәйкестікті бағалау саласындағы қиындықтарды шешіуге, және бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталды. Әңгімелесу барысында жөндеу өндірісінің аппараттық-бағдарламалық кешенді жүйесін стационарлық бақылау тәртібі туралы стандарттарды әзірлеу, сынау жүргізуге арналған нормативті құжаттар бар болуы туралы сертификаттау/декларациялау жүргізу тәртібі талқыланды.

               Кездесу  соңында  Техникалық  реттеу  және  метрология  комитетінің  Астана  қаласы  бойынша  Департаменті және ведомстваға бағынысты ұйымдардың өкілдерімен кәсіпорынды метрологиялық қамтамасыз ету, ұйым стандартын әзірлеу тәртібі бөлігінде ҚР заңнама талаптары, өнімді каталогтау, бекіту үлгідегі тізіліміне енгізу және ҚР МӨЖ өлшем құралдарын салыстырып тексеру бойынша, өнімнің сәйкестігін растау процедуралары, дайын өнімді заттаңбалау талаптары түсіндірілді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының және ЕАЭО аккредиттеу субъектілерінің деректер қорымен жұмыс жасау бойынша ұсыныстар берілді.  



Просмотров: 145

Возврат к списку



Министр блогы

Қасымбек
Жеңіс Махмұдұлы

«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУЫНДА ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУ

загрузка карты...