Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

Техникалық реттеу және метрология комитеті

  • 2016 жылы өткізілген аймақтық штаб отырыстар саны - 73-нан астам
  • Нормативтік техникалық құжаттардың мемлекеттік бірыңғай қорындағы стандарттардың жалпы саны - 69500 
  • Комитеттің Департаменттерімен 2016 жылғы жүргізілген тексерістер саны - 1228 
  • 2016 жылы әзірленген ұлттық стандарттар саны - 747

"ШПҚЗ" ЖШС Ашық есік күні өтті

Календарь новостей
30.11.2017

"ШПҚЗ" ЖШС Ашық есік күні өтті

             2017 жылы 24 қарашада "Шыныпластикалық құбырлар зауыты" ЖШС-де (бұдан әрі "ШПҚЗ" ЖШС) "Ашық есік күні" өтті. Аталған іс-шара Қазақстан  Республикасы Энергетика министрлігінің бірінші вице-министрі М.Д. Досмұхамбетовтың ұсынысы бойынша отандық өндірушілерді қолдау жоспарында ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты шыныпластикалық  құбырлар өнді

руші-зауытының кең ассортиментін презентациялап өткізу, мұнай секторы және шаруашылық кәсіпорыны өкілдерін өндірілетін өнімдер номенклатурасымен және өндірістік цехтарда тікелей өндіру процесінің құбыр өнімдерімен таныстыру.

Шара барысында кәсіпорынның өндірістік цехтары көрсетілді, өнімді дайындау үшін пайдаланылатын құрал-жабдықтар мен арнайы техникалар, жұмыс персоналы, өнімді дайындау үрдісі, сұрыптау және сақтау.Зауыт туралы дайындалған тұсау кесер слайды: зауыттың құрылған жөніндегі тарихы, өнімнің сапасы туралы ақпарат, оның сипаттамалары, шығарылатын өнімнің қолдану облысы, шикізат кіріс бақылауы және дайын өнім туралы мәліметтер, негізгі тұтынушылар жөнінде айтылды.

Бүкіл қызметі туралы презентацияны және таныстыруды  "ШПҚЗ" ЖШС кәсіпорнының директоры –  С.С Қрымкулов өткізді.

Шақырылғандардың арасында Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті мен "Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты" РМК Маңғыстау филиалы  қатысты.

Кәсіпорынға бару барысында Техникалық реттеу және метрология комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті мен «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Маңғыстау филиалының  өкілдерімен келесі бөлімдер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді:

-  ЕАЭО, техникалық реттеу шеңберінде өткізілетін жұмыстар;

- стандарттау облысындағы заңжобалық жұмыстар;

- метрологиялық сұрақтар;

Кәсіпорын өкілдерімен мамандар арасында  негізгі бағыттары талқылады. Жұмыстар техникалық реттеу және метрология саласында жүргізілетін шаралар жөнінде ақпараттандыру, сонымен қатар алдағы уақытта кәсіпорынды нормативтік құжаттармен қамтамасыз ету форматында өтеді.

Кәсіпорынға бару нәтижесінде кәсіпорын өкілдеріне ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетіне бекітілген «Ішкі нарықта жергілікті жеткізушілердің сапасы» индикаторы бойынша жүргізілетін сауалнамаға қатысуға белсенді ат салысу ұсынылды.

 


Техникалық реттеу және 

метрология комитетінің 

Маңғыстау облысы бойынша 

департамент бас маманы  – 

Акмамбетов Еркин 

Сеид-Ахмедович


Просмотров: 184

Возврат к списку



Министр блогы

Қасымбек
Жеңіс Махмұдұлы

«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУЫНДА ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУ

загрузка карты...