Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

Техникалық реттеу және метрология комитеті

  • 2016 жылы өткізілген аймақтық штаб отырыстар саны - 73-нан астам
  • Нормативтік техникалық құжаттардың мемлекеттік бірыңғай қорындағы стандарттардың жалпы саны - 69500 
  • Комитеттің Департаменттерімен 2016 жылғы жүргізілген тексерістер саны - 1228 
  • 2016 жылы әзірленген ұлттық стандарттар саны - 747

Батыс Қазақстан облысы Техникалық реттеу мәселелері және метрология жөніндегі Өңірлік штабтың кезекті отырысы өтті

Календарь новостей
30.11.2017

Батыс Қазақстан облысы Техникалық реттеу мәселелері және метрология жөніндегі Өңірлік штабтың кезекті отырысы өтті

        Ағымдағы жылы 29 қарашада Батыс Қазақстан облысы әкімнің орынбасары, техникалық реттеу және метрология мәселелері жөніндегі Өңірлік штабтың төрағасы Игорь Стексовтың төрағалық етуімен Өңірлік штабтың кезекті отырысы өтті.

Аталмыш іс-шараға мемлекеттік органдардың, БҚО кәсіпкерлер палатасының, сәйкестікті растау органдары мен сынақ зертханаларының, сонымен қатар мүдделі тараптардың өкілдері қатысты.

«Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы бойынша «Қазақстан метрология институты» РМК Батыс Қазақстан филиалы директорының м.а. Решат Сабиргалиев сөз сөйледі. Ол бүгінгі күні «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңға өзгерістер енгізу жобасын талқылау жалғасып жатқанын және өзгерістердің 2018 жылдың күзінен бастап күшіне енуі жоспарланғанын атап өтті. Заңға өзгерістер енгізу мақсаты бизнестің бәсекеге қабілеттілігін дамыту үшін қолайлы жағдай жасау және бизнеске әкімшілік қысым көрсетуді азайту, мемлекеттік реттеу тетіктерін жетілдіру болып табылады.

Одан кейін аймақтық штабта шағын кемелер және қорғаныстық тапсырыс бойынша әскери тағайындалған өнім шығаратын «Орал «Зенит» зауыты» АҚ-ның «Шағын кемелердің қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 026/2012) талаптарын жүзеге асыру бойынша БҚО кәсіпкерлер палатасына келіп түскен проблемалық мәселелер қарастырылды.

БҚО кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы Эльмира Утешева Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде техникалық реттеу туралы хаттаманың (Еуразиялық экономикалық одақ жөніндегі келісім-шарттың №9 қосымшасы) 3-бөліміне сәйкес, мемлекеттік қорғаныс тапсырысы бойынша жеткізілетін қорғаныс өнімдеріне қатысты техникалық реттеу, сәйкестікті бағалау, стандарттау және аккредиттеу ерекшеліктері мүше-мемлекеттердің заңнамасымен бекітілетінін айтты. Осыған орай, мемлекеттік қорғаныс тапсырысы бойынша жеткізілетін қорғаныс өнімдеріне (жұмыстарға, қызмет көрсетулерге) қатысты техникалық реттеу, сәйкестікті бағалау, стандарттау және аккредиттеу ерекшеліктерін реттеу бойынша ұлттық заңнама деңгейінде НҚА қабылдау қажеттілігі туындап отыр.

Одан кейін, «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Батыс Қазақстан филиалының директоры Айман Удишева 2018-2020 жылдарға арналған мемлекеттік стандарттау жоспарларын  қалыптастыру тәртібі туралы баяндама жасады. Баяндама барысында қатысушыларды мемлекеттік стандарттау жоспарын әзірлеу және бекіту тәртібімен таныстырып өтті. Сондай-ақ, мемлекеттік стандарттау жоспары шеңберінде әзірленген және әзірленетін стандарттар жайлы атып өтті.

Отырысты қорытындылай келе, жұмыстарды сәйкесінше жүргізу туралы тапсырма берілді.

 


Просмотров: 162

Возврат к списку



Министр блогы

Қасымбек
Жеңіс Махмұдұлы

«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУЫНДА ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУ

загрузка карты...