Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

Техникалық реттеу және метрология комитеті

  • 2016 жылы өткізілген аймақтық штаб отырыстар саны - 73-нан астам
  • Нормативтік техникалық құжаттардың мемлекеттік бірыңғай қорындағы стандарттардың жалпы саны - 69500 
  • Комитеттің Департаменттерімен 2016 жылғы жүргізілген тексерістер саны - 1228 
  • 2016 жылы әзірленген ұлттық стандарттар саны - 747

Сәйкестік сертификат және сәйкестік туралы декларациялар беру кезінде өнімнің сәйкестігін растау мәселелері бойынша дөңгелек үстел

Календарь новостей
04.12.2017

Сәйкестік сертификат және сәйкестік туралы декларациялар беру кезінде өнімнің сәйкестігін растау мәселелері бойынша дөңгелек үстел

           Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаментімен  Ресей Федерациясының сәйкестікті растау органдары берген сәйкестік сертификаттар мен сәйкестік туралы декларациялар беру кезінде өнімнің сәйкестігін растау мәселелері бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырылып өткізілді.

Соңғы кезде, Қазақстан Республикасының аумағында аккредиттелмеген ұйымдардың немесе Ресей Федерациясының сәйкестікті растау органдардың заңсыз қызмет ету, осындай ұйымдардың шұғыл және қымбат емес сәйкестік сертификат соның ішінде кеден одағының сәйкестік сертификат немесе сәйкестгі туралы декларация беру жарнамалар орналастыру жағдайлары көбейіп кетті.
Дөңгелек үстел отырысында  Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің  басшылығы, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС, сәйкестікті растау органдары, «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ,  Мемлекеттік кірістер департаментінің Астана қаласы бойынша кедендік постылардың өкілдері және брокерлік компаниялардың өкілдері қатысты. .
«Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС халықаралық ынтымақтастық құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бастығы  Юлия Николаевна Цуранкова өз сөзінде Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасын, сәйкестікті растау органдармен берілетін сәйкестік сертификаттар немесе сәйкестігі туралы декларациялар туралы түсіндірді. Егер сәйкестікті растау органдар заңсыз сәйкестік сертификат берген жағдайда немесе сол сертификаттар реестрде болмаған жағдайда , өтініш берушілер аккредиттеу органына өтінііш беру құқылы. Сонымен қатар, Ю.Цуранкова Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» заңнамасына тузетулер енгізетінін жоспарлауда екенін, Қазақстан Республикасының аумағында сәйкестікті бағалау жөніндегі жүзеге асыратын шетелдік ұйымдар, олардың филиалдары мен өкілдіктері аккредиттеусіз қызметтерге және сондай ұйымдардың жарнамалық қызметтеріне тыйым салынады.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылармен сәйкестікті растау органның толық ақпарат алу үшін, органның статусы туралы, аккредиттеу аттестаты туралы, сәйкестік сертификаттың реестре бар екенін ақпарат алу үшін, өтініш берушілерге қоңырау шалу үшін шұғыл байланыстыратын жүйе құруды ұсынды.

Дөңгелек үстелдің нәтижесі бойынша жемісті пікір алмасылды. Қатысушылардың қойылған сұрақтарына дәлелді жауаптар берілді. Астана қаласының барлық кедендік постыларына сертифакаттау саласында заңсыз қызмет ету туралы жаднамалар таратылды. 



Просмотров: 134

Возврат к списку



Министр блогы

Қасымбек
Жеңіс Махмұдұлы

«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУЫНДА ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУ

загрузка карты...