Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

Техникалық реттеу және метрология комитеті

  • 2016 жылы өткізілген аймақтық штаб отырыстар саны - 73-нан астам
  • Нормативтік техникалық құжаттардың мемлекеттік бірыңғай қорындағы стандарттардың жалпы саны - 69500 
  • Комитеттің Департаменттерімен 2016 жылғы жүргізілген тексерістер саны - 1228 
  • 2016 жылы әзірленген ұлттық стандарттар саны - 747

«Маңғыстау облысында Өңірлік штаб отырысы өтті»

Календарь новостей
04.12.2017

«Маңғыстау облысында Өңірлік штаб отырысы өтті»

            2017 жылдың 30 қарашасында Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті Маңғыстау облысының индустриялды-инновациялық даму басқармасының төрағалығымен техникалық реттеу және стандарттау сұрақтары бойынша штаб мүшелерінің, мемлекеттік органдардың басшылары, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалатын зергерлік және басқа да бұйымдарды сатумен айналысатын бизнес субъектілері өкілдері, сондай-ақ, «Лига ювелиров» жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар бірлестігі өкілдерінің қатысуымен кезекті Өңірлік штаб отырысын өткізді.

Өңірлік штаб отырысы Маңғыстау облысы «Атамекен» Өңірлік кәсіпкерлер палатасының алаңында болып өтті.

Өңірлік штаб отырысын алғы сөзбен Маңғыстау облысы әкімдігінің өкілі –  Индустриалды-инновациялық даму басқармасынан – Жақсылықов Данияр Жақсылықұлы ашты.

«Бағалы металдар мен асыл  тастар туралы» Заңының талаптарын және бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған бұйымдарға қабылданған нормативті-құқықтық актілер жөнінде ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы -  Атчибаева Тлектес Бегеевна айтып өтті.

«Бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің бас маманы Ирсалиева Гульжамал Тенелкызы айтып өтті.

Қазақстан Республикасында стандарттау, мемлекеттік стандарттау жоспарын әзірлеу және Қазақстан Республикасының кәсіпорындары үшін ақпараттық-нормативтік қолдау туралы «Қазақстандық стандарттау және сертификаттау институты» РМК-ның Маңғыстау филиалының бас маманы - Қонақбаева Асель Маратханқызы хабардар етті.

Қазақстан Республикасындағы зергерлік бұйымдар мен бағалы тастарды импорттау және сату туралы ҚРЗ-ның талаптары, сондай-ақ өңірдегі зергерлік әшекейлерді сатушы  кәсіпкерлер саны жөнінде «Айбота» ЖШС директоры - Ишеева Роза Гибадулловна қысқаша ақпаратпен жеткізді.

Іс-шараның соңында «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы шеңберінде өндірушілердің, сатушылардың, тауарларды сатушылардың, қызметтерді жеткізушілердің міндеттері туралы Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық бірлестігінің президенті Рафикова Никар Маликовна айтып берді.

Өңірлік штаб отырысы қатысушы кәсіпкерлік субъектілері өкілдерінің белсенді қатысуымен өтті. Өңірлік штабтың міндеттері аймақтың мүдделі тұлғаларына бағалы металдар мен асыл тастар өнімдеріне қабылданған нормативтік-құқықтық актілер туралы хабардар ету болып отыр.

Бұған қоса, сынау зертханалары мен салыстырып тексеру зертханаларының, сәйкестікті растау органдары басшыларымен өздерінің кәсіпорындарының негізінде сынау палаталарын құру мүмкіндігіне алдын-ала талдау жасады. ӨШ отырысында сынау палаталарын құру ірі қаржылық салымдар (ғимараттар, жабдықтарды сатып алу, сараптама аудиторларды дайындау) және осы жұмыстың өзін-өзі ақтамауына байланысты сараптама орталығын құрудың тиімсіздігі туралы пікір айтылды.

Штаб отырысы қорытындылау кезінде қатысушы бизнес субъектілеріне бағалы металдар мен асыл тастардан жасалатын зергерлік және басқа да бұйымдарды қолданыстағы нормативті-құқықтық актілерге сәйкес сынамалық таңба, сондай-ақ атаулы таңба бедері бұйымдарда болған жағдайда ғана көтерме жеткізушілерден сатып алу, сондай-ақ, «Лига ювелиров» жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар бірлестігі өкілдері атынан уәкілетті органдар/сынау палаталары өкілдерін Маңғыстау облысында бұйымдарға сараптама, таңбалау, пломбалау жүргізу үшін ресми шақыру хат рәсімдеу қажеттілігі ұсынылды.



Просмотров: 152

Возврат к списку



Министр блогы

Қасымбек
Жеңіс Махмұдұлы

«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУЫНДА ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУ

загрузка карты...