Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

Техникалық реттеу және метрология комитеті

  • 2016 жылы өткізілген аймақтық штаб отырыстар саны - 73-нан астам
  • Нормативтік техникалық құжаттардың мемлекеттік бірыңғай қорындағы стандарттардың жалпы саны - 69500 
  • Комитеттің Департаменттерімен 2016 жылғы жүргізілген тексерістер саны - 1228 
  • 2016 жылы әзірленген ұлттық стандарттар саны - 747

Қазақстаннің 52 – ші отырысына МАК саласындағы стандарттау, метрология және сертификаттау Қатысуы

Календарь новостей
05.12.2017

Қазақстаннің 52 – ші отырысына МАК саласындағы стандарттау, метрология және сертификаттау Қатысуы

          Душанбеде «Стандартау, метрология және сертификаттау саласында келісімді саясатты жүргізу бойынша» Келісімге қатысушы-мемлекеттердің стандарттау, метрология және сәйкестікті бағалау бойынша ұлттық органдары жетекшілерінің Кеңесі өткізілді

Отырысқа стандарттау, метрология, аккредиттеу және сәйкестікті бағалау бойынша Әзірбайжан Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғызстан, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы, Өзбекстан, Украинадан ұлттық органдар жетекшілері мен өкілдері, ТМД Атқару Комитетінің және стандарттар жөніндегі Бюро өкілдері қатысқан болатын.

Осы отырыс шеңберінде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің өзара саудадағы техникалық кедергілері туралы келісімнің жобалары, сондай-ақ мемлекетаралық стандарттау бойынша құжаттардың таратылуы және 2016-2018 жылдарға арналған Мемлекетаралық стандарттау бойынша жұмыс бағдарламасын жаңартылуы жөніндегі сұрақтар қаралды.


Өткізілген пікірталасты ескере отырып, стандарттау, метрология, сәйкестікті бағалау, аккредиттеу және қадағалау жөніндегі МАҚ ғылыми-техникалық комиссиялары ұсынған мемлекетаралық стандарттау және оларға өзгерістер енгізу туралы құжаттар қабылданды. Сонымен қоса мемлекетаралық стандарттарды қабылдау, оларға өзгеріс енгізу, тіркеу, басып шығару және олардың күшін жою сұрақтары талқыланды.

Аккредиттеу саласындағы сәйкестікті бағалау органдарын аккредиттеуді өзара мойындау туралы келісімді және МАҚ аймағында оқыту бойынша жұмыс тобын құру туралы келісімнің жобасына басты назар аударылды.

Метрология саласындағы басты мәселе - құжаттар жиынтығы мен жұмысты орындау мерзімдері ескеріле отырып, өлшеу құралдарын метрологиялық аттестациялау нәтижелерін тану рәсімімен толықтырылған, ПМГ 06-20ХХ «Сынақ нәтижелерін тану және типті бекіту, өлшеу құралдарын алғашқы тексеру, метрологиялық аттестациялау тәртібі» жобасы болатын. ПМГ-06 жобасының талқылауының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының ұстанымын ескере отырып, жобаны одан әрі жетілдіру қажет деп шешілді.


Просмотров: 157

Возврат к списку



Министр блогы

Қасымбек
Жеңіс Махмұдұлы

«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУЫНДА ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУ

загрузка карты...