Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

Техникалық реттеу және метрология комитеті

  • 2016 жылы өткізілген аймақтық штаб отырыстар саны - 73-нан астам
  • Нормативтік техникалық құжаттардың мемлекеттік бірыңғай қорындағы стандарттардың жалпы саны - 69500 
  • Комитеттің Департаменттерімен 2016 жылғы жүргізілген тексерістер саны - 1228 
  • 2016 жылы әзірленген ұлттық стандарттар саны - 747

Техникалық реттеу сұрақтары бойынша Өңірлік штабы өтті

Календарь новостей
06.12.2017

Техникалық реттеу сұрақтары бойынша Өңірлік штабы өтті

          Ағымдағы жылғы 29 қарашада Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары, техникалық реттеу сұрақтары бойынша Өңірлік штабтың төрағасы Лұқпанов Сағындық Есенгалиевичтың төрағалық етуімен кезекті Өңірлік штаб отырысы өтті.

Отырыста Атырау облысы мемлекеттік мекемелерінің өкілдері мен кәсіпкерлері қатысты.

Өңірлік штаб отырысын өткізудің мақсаты мәселелі күрделі сұрақтар мен оны шешу жолдарын табу болып табылады.

Өңірлік штаб отырысының күн тәртібіне сәйкес төмендегідей сұрақтар қарастырылды:

-Стандарттаудың органикалық өнім, денсаулық сақтау, тиісті зертханалық тәжірибенің принциптерін ендіру – басым бағыттары бойынша дамуы;

-2018-2019 ж. арналған мемлекеттік стандарттау бойынша жоспарға қосу үшін ұлттық стандартты әзірлеуге ұсыныс-тапсырыс енгізу туралы;

-«Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» (ТР ТС 018/2011) Кеден одағының техникалық регламентін талқылау.

Отырысты алғы сөзбен Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары – Өңірлік штабтың төрағасы Сағындық Лұқпанов ашты.  Ол Атырау қаласында «Смарт Сити» ендіру бойынша басым бағыттарында  стандарттаудың дамуының маңызы зор екендігін атап өтті; стандарттаудың органикалық өнім, денсаулық сақтау, тиісті зертханалық тәжірибенің принциптерін ендіру – басым бағыттары бойынша дамуы, 2018-2019 ж. арналған мемлекеттік стандарттау бойынша жоспарға қосу үшін ұлттық стандартты әзірлеуге ұсыныс-тапсырыс енгізу туралы, Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» (ТР ТС 018/2011) Кеден одағының техникалық регламентін талқылау.

Сағындық Лұқпанов стандартты қабылдау және оны ендіру бойынша сұрақтар жергілікті атқарушы органдар мен салалық ассоциациялармен бірлесе пысықталуы қажеттігін атап өтті.

«ҚазСтИн» РМК АФ директоры Дю Надежда Ивановна «Стандарттаудың органикалық өнім, денсаулық сақтау, тиісті зертханалық тәжірибенің принциптерін ендіру – басым бағыттары бойынша дамуы» тақырыбында баяндама оқыды.

Надежда Дю әлемде жасыл экономика – органикалық өніміне үлкен мән берілетіндігін атап өтті. Қазақстанда 2015 жылы 27 қарашада «Органикалық өнімдерді өндіру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданып және 2016 жылдың 23 мамырында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Органикалық өнімнің айналымы және өндіру ережелері» бұйрығымен бекітілді.

ҚР-нда 2017 жылы органикалық өнім, денсаулық сақтау, тиісті зертханалық тәжірибенің принциптерін ендіру бойынша ұлттық стандарттар әзірленді. 2018 жылға 12 ұлттық стандарттарын әзірлеу жоспарланып отыр.

«Полимер Продакшн» ЖШС Техникалық бақылау қызметінің басшысы Алена Алексеева, шығарылған өнімнің қолданылуы, -30 С-100 С аралығында  пленканы пайдаланудың температуралық диапозоны, ҚР-да мұнайды қайта өңдеу өндірісі маңызды рөл атқаратыны көрсетілген «Екі жақты бағдарланған полипропиленді пленка» КР СТ өндіру үшін техника-экономикалық негіздемені ұсынды.

 «Полимер Продакшн» ЖШС өнеркәсібі «Ұлттық индустриалды мұнай химиялық технологиялық парк» арнайы экономикалық аймағына кіреді және «Атырау облысы бойынша өнімнің полимерлік өндірісі» инвестициялық жобасын жүзеге асырады. Бұл өнімге ұлттық стандартты өндіру нормативтік құжаттары жоқ болуына байланысты.

Қазақстандық стандарттау және сертификаттау институты техникалық секретариатының басшысы Миргали Умаров өзінің сөзінде ЕЭО-ғы автомобиль құрастырудағы техникалық реттеудің басты принциптерін айтты:

-Өмірлік циклдің әр түрлі кезеңінде қауіпсіздікті бақылауды қамтамасыз ету;

-ЕЭО елдерінде және импортталатын өнімдердің тең талаптарын орнату.

Кеден одағының «Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» (ТР ТС 018/2011) техникалық реттеудің талаптары Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) экономикалық комиссияның Еуропалық Ереже талаптарымен үйлестірілген.

Бұл техникалық регламент дөңгелекті көлік құралдарына қолданылмайды:

- 6 айдан көп емес мерзімге және кедендік режимге орналастырылатын, мүлкінен айыру мүмкіндігі қарастырылмаған кеден одағының тек кедендік территориясына әкелінетін;

- Кеден одағының тек кедендік территориясына әкелінетін  жеке тұлғалармен жеке мүлік ретінде ұлттық мемлекеттік тұлғаларды өз еркімен көшіруге жәрдем көрсету бағдарламаларының қатысушылары болып табылатын шет елде тұратын  немесе белгіленген тәртіп бойынша қашқын деп танылған немесе қоныс аударуға мәжбүр болған.

Бірлік көлік құралдарының сәйкестігін бағалау тәртібі туралы және көлік құралдары типін мақұлдау, жедел оперативті қызметті шақыру  құрылғылармен жабдықтау туралы  толығырақ түсіндірді.

Атырау облысы мемлекеттік кіріс Департаменті Кедендік бақылау басқармасының  басшысы Арман Абсеметовтің Кеден одағының «Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық реттеудің талаптарын түсіндіру барысында күрделі сұрақтарға жауаптар алынды.

Отырыс пікірталас түрінде өтті.



Просмотров: 192

Возврат к списку



Министр блогы

Қасымбек
Жеңіс Махмұдұлы

«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУЫНДА ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУ

загрузка карты...