Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

Техникалық реттеу және метрология комитеті

  • 2016 жылы өткізілген аймақтық штаб отырыстар саны - 73-нан астам
  • Нормативтік техникалық құжаттардың мемлекеттік бірыңғай қорындағы стандарттардың жалпы саны - 69500 
  • Комитеттің Департаменттерімен 2016 жылғы жүргізілген тексерістер саны - 1228 
  • 2016 жылы әзірленген ұлттық стандарттар саны - 747

«Нұржанар» АҚ-на техникалық реттеу және метрология мәселелері бойынша ақпараттық көмек көрсету

Календарь новостей
06.12.2017

«Нұржанар» АҚ-на техникалық реттеу және метрология мәселелері бойынша ақпараттық көмек көрсету

              Ағымдағы жылы 5 желтоқсанда Техникалық реттеу және метрология комитетінің БҚО бойынша департаментінің және «ҚазСтИн» РМК БҚ филиалының өкілдері сыраның түрлі сорттарын, квас және ауыз суын шығаратын «Нұржанар» АҚ-на барып қайтты.

Компания өнімдерінің бәсекелік артықшылықтары:

- өнімнің барлық түрін өндіру үшін табиғи шикізатты пайдалану;

- жетекші неміс компанияларының жоғары технологиялық өндірістік жабдықтарын пайдалану;

- өнімнің халықаралық сапа стандарттарына сәйкестігі;

- бәсекеге қабілетті бағалар болып табылады.

Кездесу барысында барысында ұйым стандарттарының негізінде өнеркәсіптің қажеттіліктерін ескере отырып, ұлттық стандарттарды әзірлеу мүмкіндігі туралы, өнімдерді каталогтандыру жүйесі, жоспарланып отырған семинарлар, техникалық реттеу, метрология және менеджмент саласындағы қызметкерлерді дайындау және біліктілікті арттыру курстары жөнінде ақпарат берілді.

Бұл іс-шара  ақпараттық қолдау көрсетуге,  сондай-ақ Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің шеңберінде «Ішкі нарықтағы жергілікті жеткізушілердің сапасы» көрсеткішін жақсартуға бағытталған.



Просмотров: 152

Возврат к списку



Министр блогы

Қасымбек
Жеңіс Махмұдұлы

«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУЫНДА ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУ

загрузка карты...