Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

Техникалық реттеу және метрология комитеті

  • 2016 жылы өткізілген аймақтық штаб отырыстар саны - 73-нан астам
  • Нормативтік техникалық құжаттардың мемлекеттік бірыңғай қорындағы стандарттардың жалпы саны - 69500 
  • Комитеттің Департаменттерімен 2016 жылғы жүргізілген тексерістер саны - 1228 
  • 2016 жылы әзірленген ұлттық стандарттар саны - 747

«Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы «КПК «KazBrand» ЖШС бару

Календарь новостей
07.12.2017

«Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы «КПК «KazBrand» ЖШС бару

             2017 жылдың 6 мжелтоқсанда Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті қызметкерлері «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК, «Қазақстан метрология институты» РМК және «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС өкілдерімен бірлесе отырып техникалық реттеу, өлшем бірлігін қамтамасыз ету, сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамаларын түсіндіру мақсатында, және де күрделі мәселелерді анықтап оларды шешу жолдарына көмек көрсету үшін «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы «КПК «KazBrand» ЖШС барды.

«KAZBRAND» Қазақстан Азық – түлік Компаниясы астық өнімдері және оларды өңдеу нарығында 2001 жылдан жұмыс істейді. Компания Астана қаласында тез дайындалатын азық-түлік Комбинатын іске қосуды жоспарлайды. Бұл комбинатты қосудың мақсаты Астана қаласында кондитерлік өнімдер (крекерлер, тез таңғы астар, дәннен жасалған ботқа және басқа), дәмдеуіштердің құрама бөлімдері, сорпа жинақтары, тез дайындалатын кеспе, құрғақ кофе және шай қоспалары, сондай –ақ жоғары сапалы балмұздақ және балмұздақтан жасалған торттар сияқты тез дайындалатын өнімдердің жоғары технологиялық өндірісін жасау болып табылады.

Бүгінгі таңда компания «Кеспебай» тауар маркасымен, ГОСТ 31749-2012 талаптарына сәйкес жылдам дайындалатын кеспе шығарады. Шығарылатын өнім КО ТР 021/2011, КО ТР 022/2011 және КО ТР 029/2012 талаптарына сәйкес келеді.

Жақын арада, «КПК «KazBrand» ЖШС сынақ зертханасын ашып, ГОСТ ИСО/МЭК 17025-2009 талаптарына сәйкес аккредиттеу жоспарлайды. Сонымен қоса, кәсіпорында ИСО 9001 бойынша сапа менеджмент жүйесін және ИСО 14001 бойынша экологиялық менеджмент жүйесін сертификаттау жоспарлауда.

Өткізілген іс-шара отандық өндірушілерге техникалық реттеу және метрология саласындағы мәселелерін шешуге қолдау көрсетуге және  жоғары өнеркәсіптілік пен басекеге қабілеттікәсіпорынқұруға бағытталды.

Кездесу соңында Техникалық реттеу және метрология комитеті Департаменті және ведомстваға бағынысты ұйымдардың өкілдерімен ҚР заңнама талаптары түсіндірілді, кәсіпорынның метрологиялық қамтамасыз ету, дайын өнімді заттаңбалау бөлігінде, өнімді каталогтау,өнімнің сәйкестігін растау, менеджмент жүйесін сертификаттау, мамандарды оқыту, сондай-ақ Қазақстан Республикасының және ЕАЭО аккредиттеу субъектілерінің деректер қорымен жұмыс жасау бойынша ұсыныстар берілді.



Просмотров: 425

Возврат к списку



Министр блогы

Қасымбек
Жеңіс Махмұдұлы

«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУЫНДА ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУ

загрузка карты...