Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

Техникалық реттеу және метрология комитеті

  • 2016 жылы өткізілген аймақтық штаб отырыстар саны - 73-нан астам
  • Нормативтік техникалық құжаттардың мемлекеттік бірыңғай қорындағы стандарттардың жалпы саны - 69500 
  • Комитеттің Департаменттерімен 2016 жылғы жүргізілген тексерістер саны - 1228 
  • 2016 жылы әзірленген ұлттық стандарттар саны - 747

Техникалық реттеу сұрақтары бойынша дөнгелек үстел

Календарь новостей
07.12.2017

Техникалық реттеу сұрақтары бойынша дөнгелек үстел

          2017 жылдың 06 желтоқсанында Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті Алматы қаласының сәйкестікті растау бойынша органдарымен техникалық реттеу, аккредиттеу және метрология саласындағы өзекті мәселелер бойынша дөнгелек үстел өткізді.

Дөнгелек үстел жұмысына «ҚазСтИн» РМК ОФ, «ҚазМетрИн» РМК ОҚФ және Алматы қаласы бойынша СРО өкілдері қатысты.

Дөнгелек үстел қатысушыларына СРО аккредиттелген бірыңғай реестрінің ақпаратына сәйкес аккредиттеу аттестаты әрекет етпейтін сәйкестікті растау саласындағы ресейлік органдардың тіркелмеген өкілдері соңғы кездері Қазақстан Республикасының аумағында  өздерінің қызметін іске асырып жатқандығы жайлы ақпарат жеткізілді.

Аккредиттелмеген ұйымдар Қазақстан Республикасының «Жарнама туралы» Заңының 13 бап, 1 тармағының 1-2 тармақшаларын бұзып отыр (Қазақстан Республикасының аккредиттеу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен сәйкестікті бағалау саласында аккредиттелмеген, сәйкестікті растау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсынатын ұйымдардың жарнама жасауына тыйым салынады). 

Кәсіпкерлерді жаңылыстырмау үшін Қазақстан Республикасының және Еуразиялық Экономикалық Одақ заңнамаларына сәйкес сәйкестікті растау рәсімдерінің түсіндірілуімен Алматы қаласының кедендік посттарында аккредиттелген СРО бойынша ақпаратты орналастыру туралы дөнгелек үстелде шешім қабылданды.

Сонымен қоса, Қазақстан Республикасының «Стандарттау туралы», «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Заң жобаларына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жайлы ақпарат айтылып өтті. 



Просмотров: 168

Возврат к списку



Министр блогы

Қасымбек
Жеңіс Махмұдұлы

«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУЫНДА ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУ

загрузка карты...