Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

Техникалық реттеу және метрология комитеті

  • 2016 жылы өткізілген аймақтық штаб отырыстар саны - 73-нан астам
  • Нормативтік техникалық құжаттардың мемлекеттік бірыңғай қорындағы стандарттардың жалпы саны - 69500 
  • Комитеттің Департаменттерімен 2016 жылғы жүргізілген тексерістер саны - 1228 
  • 2016 жылы әзірленген ұлттық стандарттар саны - 747

Техникалық реттеу және метрология сұрақтары бойынша дөңгелек үстел

Календарь новостей
11.12.2017

Техникалық реттеу және метрология сұрақтары бойынша дөңгелек үстел

            2017 жылдың 8 желтоқсандаТехникалық реттеу және метрология Комитетінің Алматы облысы бойынша департаментімен,  «ҚазСтИн» РМК Алматы облысы бойынша филиалы бірлесіп техникалық реттеу сұрақтары бойынша дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел өткізудің мақсаты - Қазақстан Республикасы және Евразиялық экономикалық одақтың  техникалық реттеу саласы бойынша  мемлекеттік мекемелерге, ірі, орта және шағын бизнес субъектілеріне ақпараттық-түсіндіру көмегін көрсету, Қазақстан Республикасының ұлттық қызығушылығын ескере отырып, Евразиялық экономикалық комиссиясынан түскен құжаттардың шұғыл қаралуын қамтамасыз ету және  сол бойынша ұсыныстар дайындау

Дөңгелек үстелде өзекті мәселе ретінде: «Ішкі нарықтағы жергілікті «өнім өндірушілердің сапа индикаторы» қарастырылды, осы мәселе бойынша ақпартты, Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Алматы облысы бойынша департаменттің бас маманы Г.К. Абдрасилова берді.

Біздің мемлекетіміздің стратегиялық мақсаты,әлемдегі30 дамығанмемлекеттер қатарына қосылу болып табылады. Қазақстанның экономикалық жағдайын жақсарту үшін халықаралық рейтингтер аясында жүргізілген реформалардың мәні айтарлықтай жоғары. Әртүрлі рейтингтер нәтижесі міндеттер мен проблемаларды классификациялауға, идентификациялауға, оларды мемлекет пен экономиканы тиімді стратегиялық басқару үшін қолдануға мүмкіндік береді.

ТРМК Алматы облысы бойынша  департаментінің бас маманы Г.К.Абдрасилова ағымдағы жылдың 25 қазанда«Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» (КО ТР 018/2011) Кедендік одақтың техникалық регламентіне енгізілген өзгерістің жобасын талқылау басталғанын айтып, таныстырды.

Сондай ақ«Парфюмерлік-косметикалық өнімдердің қауіпсіздігі туралы»(КО ТР 009/2011) Кедендік одақ техникалық регламентінің  талаптарын сақтауды қамтамасыз ететін, ерікті негізде қолданылатын стандарттар тізбесіне енгізілген өзгерістін жобасын талқылау презентациясын «ҚазСтИн» РМК филиалының маманы Г.Б.Арапова ұсынды.

Кәсіпорындарға ДСҰ хабарламалар,«Өнімді каталогтау жүйесі» туралы ақпараттар жеткізілді.

Іс-шараға бизнес өкілдері, облыстық басқармалар мен департаменттердің, «Ұлт.ССО» АҚ ТФ өкілдері қатысты.



Просмотров: 138

Возврат к списку



Министр блогы

Қасымбек
Жеңіс Махмұдұлы

«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУЫНДА ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУ

загрузка карты...