Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

Техникалық реттеу және метрология комитеті

  • 2016 жылы өткізілген аймақтық штаб отырыстар саны - 73-нан астам
  • Нормативтік техникалық құжаттардың мемлекеттік бірыңғай қорындағы стандарттардың жалпы саны - 69500 
  • Комитеттің Департаменттерімен 2016 жылғы жүргізілген тексерістер саны - 1228 
  • 2016 жылы әзірленген ұлттық стандарттар саны - 747

Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерін пайдалану, орнату және насихаттау мәселері бойынша семинар

Календарь новостей
11.12.2017

Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерін пайдалану, орнату және насихаттау мәселері бойынша семинар

            Ағымдағы жылдың желтоқсан айындаТараз қаласында қала әкімінің орынбасары Олжабай Кенжебек Мамашбайұлының төрағалығымен, және Техникалық реттеу және метрология комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті, РММ «ҚазСтИн» ЖФ, облыстық ішкі саясат басқармасымен бірлесе отырып, облыстық мемлекеттік мекеме басшыларының қатысуымен, «Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерін пайдалану, орнату және насихаттау мәселері бойынша семинар-кеңес өткізілді.
Күн тәртібі бойынша облыстық ішкі саясат басқармасының бас маманы Нұрмолдаұлы Жанболат «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін пайдалану және қолдану барысы туралы» тақырыбы аясында баяндамасы тыңдалды.
РММ «ҚазСтИн» ЖФ директоры А.Мыңбаев Қазақстан стандарттау және сертификаттау институтының қызметі және ҚР СТ 989-2014 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық шарттар» бойынша өзгерістер туралы» баянадама жасады.
Семинар барысында ҚР СТ 989-2014 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық шарттар» Ұлттық стандартына енгізілген негізгі өзгешеліктер мен толықтырулар, Мемлекеттік Елтаңбаның негізгі сыртқы пішіндік айырмашылықтары және оны әзірлеу қажеттілігінің мақсаттарын атап өтті.
Жаңа сатндартқа сәйкес мемлекеттік Елтаңба 3D үлгісінде жасалған және бояуынан бастап айырмашылықтары көп екендігін атап айтты.
Алдын-ала дайындалған слайдтар арқылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздердің орналастырылу ережесін, сонымен қатар аккредиттелген сынақ зертханалары мен сәйкестікті растау орган тізімдеріне тоқталып, жаңа стандарт бойынша елтаңбаны қолданудың кепілдік уақыты 3-жыл мерізімінде деп белгіленгендігіне түсінік берді. Ескі үлгідегі Мемлекеттік Елтаңбаны ауыстыру жұмыстары ағымдағы жылдың 1-ші шілдесіне дейін аяқталуы тиіс.
Сеинар-кеңестің күн тәртібі бойынша Техникалық реттеу және метрология комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бас маманы А.Бейсенбаев «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің стандарт талаптарын сақтау барысы туралы» тақырыбында баянадама жасады. Баяндама барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын сатып алу кезінде, Мемлекеттік Тудың стандартқа сәйкестігін тексеру үшін, басты қағидаларын атап көрсетті.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын жасау Қазақстан Республикасы заңнамасымен орнатылған тәртіпте берілетін сәйкес лицензияның болуын және лицензиаттардың тізімін Техникалық реттеу және метрология комитетінің ресми сайтынан көруге болатының көрсетті.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерін жасау мен қолдануды реттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 418 бабына сәйкес, айыппұл салу арқылы әкімшілік жауапкершілікке алып келетінің атап өтті.

Сондай-ақ қатысушылар өздерін толғандырған барлық сұрақтарына тиісті жауаптарын алды.



Просмотров: 158

Возврат к списку



Министр блогы

Қасымбек
Жеңіс Махмұдұлы

«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУЫНДА ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУ

загрузка карты...