Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

Техникалық реттеу және метрология комитеті

  • 2016 жылы өткізілген аймақтық штаб отырыстар саны - 73-нан астам
  • Нормативтік техникалық құжаттардың мемлекеттік бірыңғай қорындағы стандарттардың жалпы саны - 69500 
  • Комитеттің Департаменттерімен 2016 жылғы жүргізілген тексерістер саны - 1228 
  • 2016 жылы әзірленген ұлттық стандарттар саны - 747

Кәсіби қауіпсіздігі мен денсаулық менеджмент жүйесі OHSAS 18001:2007

Календарь новостей
14.12.2017

Кәсіби қауіпсіздігі мен денсаулық менеджмент жүйесі OHSAS 18001:2007

            Қазіргі кезде кәсіпорындардағы қызметкерлік қауіпсіздік және еңбекті қорғау проблемасы жоғары тұрады. Еңбек қауіпсіздігі - қызметкерлердің жұмыс орнында өмірің және денсаулығын сақтау жүйесі,  құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық, техникалық, санитарлық, медициналық-профилактикалық, оңалту және өзге де іс-шаралардан тұратын жүйе.

«Кәсіби қауіпсіздігі мен денсаулық менеджмент жүйесі» ҚР СТ OHSAS 18001-2008 Қазақстан Республикасының ұлттық стандарты Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің бұйрығымен бекітіліп іске қосылды. Бұйрыққа сәйкес,  ұлттық стандарт OHSAS 18001:2007 халықаралық стандартына сәйкес келеді.

OHSAS 18001: 2007 стандарты негізінде басқару жүйесін енгізу ұйымға тәуекелдерді басқаруға, оларды болдырмауға және соның салдарынан апаттардың ықтималдығын азайтуға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 338 бабына сәйкес, ұйымдар ұйымдастыруды және еңбекті қорғауды басқару жүйесін енгізу, тәуекелдерді бағалау және қауіпсіздік және гигиена талаптарына жауап анықталған сәйкессіздіктерді жою жөнінде шаралар қабылдауды қамтитын ішкі бақылау жүргізу керек.

Халықаралық еңбек ұйымының деректері бойынша, қызметке байланысты себептер бойынша жыл сайын екі миллионға жуық адам көз жұмады. Әлемде 160 миллион адам қызметке байланысты аурулардан зардап шегеді. Әрбір үшінші жағдайда ауру 4 немесе одан да көп жұмыс күнінде жұмыс істеу қабілетін жоғалтуға әкеледі. Әр минут сайын екі трагедия болады.

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мәліметі бойынша, өндірісте жыл сайын 3 мыңнан астам жазатайым оқиғалар орын алады, ал өлімге әкеліп соқтырған зардап шеккендердің саны жоғары деңгейде қалып отыр.

Кәсіби қауіпсіздігі мен деңсаулық менеджмент жүйесі  ұйымдарға қызметкерлердің денсаулығы мен қауіпсіздігіне әсер ететін зиянды, еңбек жағдайларын бақылауға мүмкіндік беру үшін және жұмыс орнындағы қауіптерді анықтау мен бағалауға арналған алдын профилактикалық іс-шаралар орындау үшін арналған.

OHSAS 18001 сәйкес құрылған және сертификатталған кәсіпорын басқару жүйесі, өндірістік қауіпті факторларды бақылауға мүмкіндік беретін денсаулық және қауіпсіздік менеджменті жүйесін құру, өндірістік процесте пайда тәуекелдерді басқару, инциденттер, авариялар, жазатайым оқиғалар пайда болуының алдын алу мүмкіндік береді.

OHSAS сериясы стандарттар ISO 9000 және ISO 14000 менеджмент жүйесі сертификаттау саласындағы танымал халықаралық стандарттармен үйлесімді. Құжаттар мен  басқаруға қойылатын талаптар кәсіпорында сапа менеджмент жүйесін, экологиялық менеджмент және еңбек қорғау, дәнсаулық пен қызметкерлердің қауіпсіздігі басқару жүйелерін бірігуге болады.

Кәсіби қауіпсіздік пен денсаулық менеджмент жүйесінің сертификаттауын аккредиттеу аймағына сәйкес аккредиттелген сәйкестікті растау жөніндегі органдар жүзеге асырады. Астана қаласында Қазақстан Республикасының аккредиттеу субъектілерінің мемлекеттік тізілімінде, басқару жүйелерінің сәйкестігін растау үшін 20 орган тіркелген. Сәйкестікті бағалау органдары туралы ақпаратты Ұлттық аккредиттеу орталығының веб-сайтынан  www.nca.kz  алуға болады.

 

 

Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің бас маманы Уалиева Анар Абсаттаровна 


Просмотров: 554

Возврат к списку



Министр блогы

Қасымбек
Жеңіс Махмұдұлы

«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУЫНДА ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУ

загрузка карты...