Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

Техникалық реттеу және метрология комитеті

  • 2016 жылы өткізілген аймақтық штаб отырыстар саны - 73-нан астам
  • Нормативтік техникалық құжаттардың мемлекеттік бірыңғай қорындағы стандарттардың жалпы саны - 69500 
  • Комитеттің Департаменттерімен 2016 жылғы жүргізілген тексерістер саны - 1228 
  • 2016 жылы әзірленген ұлттық стандарттар саны - 747

«Сарыарқа» арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы «RecyclingCompany» ЖШС бару

Календарь новостей
20.12.2017

«Сарыарқа» арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы «RecyclingCompany» ЖШС бару

             ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің «Ішкі нарықтағы жеткізушілердің сапасы» индикаторын жақсарту бойынша жұмыстарын жалғастыруда.

2017 жылғы 14 желтоқсанда Департамент «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Қарағанды филиалымен және «Қазақстан метрология институты» РМК Қарағанды филиалымен бірлесіп  «RecyclingCompany» ЖШС кәсіпорынында Өңірлік штабтың көшпелі отырысын өткізді. «RecyclingCompany» ЖШС істен шыққан ескі автокөліктерді кәдеге жарату зауытына барудың мақсаты проблемалық мәселелерді анықтау және талқылау және оларды шешу барысында қолдау көрсету, сондай-ақ  техникалық реттеу, өлшем бірлігін қамтамасыз ету, сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу салаларындағы Қазақстан Республикасының заңдарын түсіндіру болып табылады.

Департаменттің басшысы Бауыржан Қасымов, «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Қарағанды филиалының бас маманы  Шара Ажимова, «Қазақстан метрология институты» РМК Қарағанды филиалының  бас сарапшысы Миртас Жаманбалин сөз сөйледі.

Күн тәртібінде техникалық реттеу, стандарттау және метрология мәселелері қаралды, сондай-ақ 018/2011 «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламенті және техникалық реттеу саласындағы ақпараттандыру бойынша басқа да мәселелер түсіндірілді.

Істен шыққан көліктерді өңдейтін зауыттың Орталық Азияда теңдесі жоқ және Қазақстанның қайта өңдеу саласындағы ірі жобаларының бірі болып табылады. Жаңа зауыт заманауи италиялық қондырғылармен жабдықталған. Зауыттың аумағында 3 цех орналасқан: шредерлік цехы, балқыту цехы және приолизді цех бар. Қазақстанның барлық қалалары бойынша 17 істен шыққан автомобильдерді қабылдау пункттері орналасқан және ескі автокөліктерді сатып алу бағдарламасы жұмыс істейді. Жақын арада, «RecyclingCompany» ЖШС балқыту цехына арналған сынақ зертханасын ашу және аккредиттеуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар кәсіпорында сапа менеджменті жүйесін енгізу және сертификаттау жоспарлануда. Аталған кәсіпорын «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағына кіреді. Зауыттың базасында өзінің зертханасын іске қосу жоспарлануда.

Кездесудің қорытындысы бойынша Департаменттің және Техникалық реттеу және метрология комитетінің ведомстволық бағынысты ұйымдарының өкілдері өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету бөлігінде ҚР заңнамасының талаптарын түсіндірді, өнімнің сәйкестігін растау рәсімдері, менеджмент жүйесін сертификаттау, мамандарды оқыту бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының және ЕАЭО аккредиттеу субъектілерінің деректер базасын пайдалану бойынша ұсынымдар жасалды.



Просмотров: 188

Возврат к списку



Министр блогы

Қасымбек
Жеңіс Махмұдұлы

«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУЫНДА ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУ

загрузка карты...