Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

Техникалық реттеу және метрология комитеті

  • 2016 жылы өткізілген аймақтық штаб отырыстар саны - 73-нан астам
  • Нормативтік техникалық құжаттардың мемлекеттік бірыңғай қорындағы стандарттардың жалпы саны - 69500 
  • Комитеттің Департаменттерімен 2016 жылғы жүргізілген тексерістер саны - 1228 
  • 2016 жылы әзірленген ұлттық стандарттар саны - 747

МЕМОРАНДУМ ШЕҢБЕРІНДЕ СЕМИНАР ӨТТІ

Календарь новостей
26.12.2017

МЕМОРАНДУМ ШЕҢБЕРІНДЕ СЕМИНАР ӨТТІ

                           Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасы мен Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумды орындау үшін 2017 жылғы 22 желтоқсанда Кәсіпкерлер палатасының алаңында бейнеконференция байланысы режимінде «Бағалы металдар мен асыл тастар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын сақтау, алдын алу,  ескерту мәселелері бойынша «галстуксыз» семинар өтті. Семинардың мақсаты жөнінде Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ернар Кульпеисов өзінің кіріспе сөзінде айтты. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы Бауыржан Қасымов «Бағалы металдар мен асыл тастар туралы» ҚР заңының талаптары туралы, асыл тастарға, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарға сараптама жүргізу қағидалары туралы айтып берді.

Міндетті тәртіпте сараптама жүргізу:

1) Еуразиялық экономикалық комиссия шешімімен белгіленген жағдайларды есептемегенде, кедендік декларациялау және кедендік тазартумен байланысты кедендік операцияларды жүргізгенге дейін, асыл тастарды, зергерлік және басқа да бұйымдарды Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу;

2) асыл тастарды, зергерлік және басқа бұйымдарды Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерге Қазақстан Республикасының аумағынан әкету;

3) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындағанды қоспағанда, зергерлік және басқа бұйымдарды Қазақстан Республикасының аумағында өткізу және (немесе) өндіру жағдайларында жүгіну көзделген.

Асыл тастарды, зергерлік және басқа да бұйымдарды қабылдау және беру кезінде өлшеу, нақты өлшеу қажеттілігін қамтамасыз ететін сертификатталған таразыларда жүргізіледі:

1) алтын, платина және платиналық топтағы металдар бұйымдары үшін - 0,01 граммға дейін, күміс - 0,1 граммға дейін;

2) асыл тастар 0,01 каратқа дейінгі нақты өлшенеді.

Комиссияны уәкілетті орган құрады. Сараптаманы уәкілетті ұйымның құрамында кемінде үш жұмыскерден тұратын комиссия жүргізеді және сараптама мынадай түрде жүзеге асырылады:

1) көзбен шолып қарау;

2) өлшеу;

3) асыл тастарды сәйкестендіру;

4) зергерлік және басқа да бұйымдарды сынамалық таста сынама инелерді және химиялық реактивтерді қолдана отырып сынамалау;

5) қорытпаның рентгенофлуоресценттік (бақылау чекпен купелирендіру, потенциометриялық, химиялық) әдіспен химиялық құрамын анықтау.

Таңбалауға жататын бағалы металдардан жасалған бұйымдар үшін бейнеленген сынамалардың мынадай ең кіші мәндері белгіленеді:

платина қорытпалары үшін - 850;

алтын қорытпалары үшін - 375;

палладий қорытпалары үшін - 500;

күміс қорытпалары үшін - 750.

Бағалы емес металдардан ажырайтын және (немесе) бөлінетін бөліктері бағалы металдар немесе бағалы емес металдардан тұратын бөліктері бағалы металдардың үйлесімдігін білдіретін зергерлік және басқа да бұйымдар таңбалауға жатады.

Зергерлік және басқа да бұйымдар уәкілетті ұйымдардың аумақтық бөлімшелерінің кодтары бар «Барыс басының» нысанын, «КZ» Қазақстанның халықаралық аббревиатурасын бейнелей отырып, Қазақстан Республикасының бірегей сынама таңбасымен таңбаланады, олардың бедерлемері уәкілетті органдарға беріледі.

Семинардың барысында заңнаманы бұзушылыққа жол бермеу бойынша нақты шаралар ұсынылды. Бизнеске ауыртпалықты азайту мақсатында уәкілетті ұйымның Қарағандыға келіп, сараптама жүргізуі туралы мәселелерді пысықтау ұсынылды. Сонымен қатар, ҚР заңнамасының шеңберінде осы және өзге де мәселелерді шешу үшін зергерлік және басқа да бұйымдарды сатушылар қатарынан, Кәсіпкерлер палатасынан ынталы топ құру ұсынылды. Семинарға Қарағанды мен Теміртау қалаларының зергерлік және басқа да бұйымдарды сатушылары қатысты.           



Просмотров: 176

Возврат к списку



Министр блогы

Қасымбек
Жеңіс Махмұдұлы

«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУЫНДА ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУ

загрузка карты...