Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

Техникалық реттеу және метрология комитеті

  • 2016 жылы өткізілген аймақтық штаб отырыстар саны - 73-нан астам
  • Нормативтік техникалық құжаттардың мемлекеттік бірыңғай қорындағы стандарттардың жалпы саны - 69500 
  • Комитеттің Департаменттерімен 2016 жылғы жүргізілген тексерістер саны - 1228 
  • 2016 жылы әзірленген ұлттық стандарттар саны - 747

Шағын көлемді кемелердің қауіпсіздігі туралы

Календарь новостей
26.12.2017

Шағын көлемді кемелердің қауіпсіздігі туралы

           Шағын  көлемді  кеме  – балық  аулауға,  жүк  және жолаушыларды тасымалдау, сүйретуге, іздеу салу, барлау жүргізу және пайдалы қазбаларды өндіруге, құрылыс, жол, гидротехникалық және басқа да сондай жұмыстарға, лоцман және мұзжарғыш өткізгішіне арнап құрастырылған және жабдықталған, сондай-ақ су объектілерін ластанудан және қоқыстанудан қорғау жөніндегі іс-шараларды іске асыруға арналған, ұзындығы 20 метрден артық емес және бортындағы рұқсат етілетін адамдар саны 12 адамнан аспайтын кеме.

             2014  жылдың  1 ақпанында  Кеден  одағына  мүше мемлекеттердің  бірыңғай  кедендік  аумағында  айналымға шығарылатын  шағын  кемелерге, құтқару құралдарына және шағын кемелерге арналған қондырғыларды  қолдануға және пайдалануға, құтқару құралдарына және шағын  кемелерге арналған қондырғыларға  еркін орын ауыстыруды қамтамасыз етуге біріңғай міндетті талаптарды орнату мақсатында «Шағын  кемелер қауіпсіздігі туралы» (КО ТР 026/2012)  техникалық регламент күшіне енді.

           Аталған   техникалық  регламент  адам  өмірі  мен денсаулығын, мүлікті, қоршаған ортаны, жануарлар мен өсімдіктердің өмірін және денсаулығын қорғау, сондай-ақ тұтынушыларды жаңылыстыратын іс-әрекеттердің алдын алу мақсатында шағын көлемді кемелерге, шағын көлемді кемеге арналған құтқару құралдары және жабдығына қойылатын талаптарды белгілейді. Сонымен қатар  техникалық регламент  мыналарға қолданылмайды :

        - теңіз және өзенде жүзетін кемелерге арналған құтқару және кезекші жеңіл қайықтар;

        - әзірлеуші ескекті жарыс және оқу (жаттығу) қайықтары деп атағандарды қоса алғанда, тек қана жарысқа арналған спорт кемелеріне;

        - желкенді серфингке арналған тақталар, үрленген баллондар мен өзге де су аттракциондарына;

        - қозғалтқышы бар серфингге арналған құрылғы және қозғалтқышы бар басқа ұқсас құрылғыларға;

        - эксперименттік шағын көлемді кемелерге;

        - ауа жастықшаларындағы және су асты қанаттары бар кемелерге;

        -  су астында сейілдеуге арналған қайықтарға;

        - салмағы 100 кг дейін шағын көлемді кемелерге қолданылмайды.

            Кеден одағының бірыңғай кеден аумағында айналымға шығарылған шағын кемелердің техникалық сипаттамалары шағын кемені жасаушының жетектеме техникалық құжаттамасында келтірілген ұсынылған техникалық сипаттар мен көрсеткіштерге сәйкес келуі тиіс. Шағын кемелердің қауіпсіздік көрсеткіштері қалыпты пайдаланудың рұқсат етілетін шарттарында сыртқы климаттық және механикалық факторлардың әсерінен төмендемеуі тиіс.

          Әр шағын  кемеде шағын кемені жасаушымен келесі ақпаратты қамтитын тақтайша орнатылған және бекітілген болуы тиіс:

      -  шағын кемені жасаушының немесе өндірушінің атауы, орналасқан жері (заңды мекен   жайы және ел) және ұйымның фирмалық таңбасы;

      -  шағын  кемені жасаушының есептеу жүйесіндегі сәйкестендіру нөмері;

      -  шағын  кемені жасау күні;

       - шағын кеменің типін;

      -  жобаның нөмері (белгіленуі) (болған жағдайда);

      -  шекті жүк көтере алушылығы немесе борттағы адамдардың саны;

      -  қозғалтқыштың шекті күші;

      -  қозғалыстың шекті жылдамдығы;

      -  қызмет мерзімі (орнатылған жағдайда).

            Қауіпсіздік талаптарына сәйкес және сәйкестікті бағалау процедураларынан өткен шағын  кемелер Кеден одағындағы мемлекеттер нарығында өнім айналымының бірыңғай таңбалауы болуы тиіс, бұл шағын кемелердің  нарық айналымының шығару алдында жүргізіледі.

        «Шағын  көлемді  кемелер  қауіпсіздігі  туралы»  (КО ТР 026/2012)  техникалық  регламент  туралы  толық ақпаратты www.eurasiancommission.org Еуразиялық экономикалық комиссияның сайтында алуыңызға болады.    

 

 

Техникалық реттеу және 

метрология комитетінің 

Маңғыстау облысы 

бойынша департамент бас 

маманы  –  Акмамбетов 

Еркин Сеид-Ахмедович

 

 


Просмотров: 156

Возврат к списку



Министр блогы

Қасымбек
Жеңіс Махмұдұлы

«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУЫНДА ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУ

загрузка карты...