Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

Техникалық реттеу және метрология комитеті

  • 2016 жылы өткізілген аймақтық штаб отырыстар саны - 73-нан астам
  • Нормативтік техникалық құжаттардың мемлекеттік бірыңғай қорындағы стандарттардың жалпы саны - 69500 
  • Комитеттің Департаменттерімен 2016 жылғы жүргізілген тексерістер саны - 1228 
  • 2016 жылы әзірленген ұлттық стандарттар саны - 747

«Торговый дом Валентина» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жұмыстық кездесу өткізілді

Календарь новостей
26.12.2017

«Торговый дом Валентина» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жұмыстық кездесу өткізілді

           Ағымдағы жылдың 26 желтоқсанында техникалық реттеу және метрология комитетінің ШҚО бойынша департамент мамандары «Валентина» СҮ «Торговый дом Валентина» ЖШС әкімшілігімен және сатушыларымен құрылыс материалдардың сақтау және өткізу кезінде ылғалдылық пен температураны бақылау құралдарын, салмақ өлшеу жабдықтарын тексеру тұрғысынан, сондай-ақ ҚР ҰС 2.156-2009 «Кез келген түрде өлшеніп буып-түйілген тауарларды өлшеп буып-түю, сату және импорттау кезінде олардың санын мемлекеттік метрологиялық бақылауды жүзеге асыру тәртібі» және МЕМСТ 8.579-2002  «Кез келген түрде өлшеніп буып-түйілген тауарларды өндіру, өлшеп буып-түю, сату және импорттау кезінде олардың санына қойылатын талаптар» нормативті құжаттардың міндетті талаптарын сақтау тұрғысынан Қазақстан Республикасының «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» заңың түсіндіру мақсатында жұмыстық кездесу өткізді. МРК 6200 арнайы электрондық таразыларды жұмыс жиынтығын өлшеу құралдары ретінде қолдану арқылы өнім партиясының ішінен іріктелген әрбір жеке дайын орамадағы таза салмақ құрамын өлшеуге қатысты сұрақтар қарастырылды. Өлшем бірліктерін қамтамасыз етудің  мемлекеттік жүйесінің талаптарына сәйкес бақылау-өлшеу аспаптарын  сауда объектісінің  қоғамдық орындарына орналастыру тұрғысында сауда субъектілеріне  «Сауда қызметі туралы» Қазақстан Республикасы заңының сұрақтары қозғалды, сондай-ақ күрделі мәселелер талқыланды және де оларды шешуге көмек көрсетілді. Жұмыстық кездесу барысында  қолданылатын өлшеу құралдарын тексеруге құқығы бар және тексеру жүргізетін ұйымдарға қатысты сұрақтар  келіп түсті. Кездесу барысында туындаған барлық сұрақтарға департамент мамандары тарапынан толық жауап берілді.



Просмотров: 154

Возврат к списку



Министр блогы

Қасымбек
Жеңіс Махмұдұлы

«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУЫНДА ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУ

загрузка карты...