Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

Техникалық реттеу және метрология комитеті

  • 2016 жылы өткізілген аймақтық штаб отырыстар саны - 73-нан астам
  • Нормативтік техникалық құжаттардың мемлекеттік бірыңғай қорындағы стандарттардың жалпы саны - 69500 
  • Комитеттің Департаменттерімен 2016 жылғы жүргізілген тексерістер саны - 1228 
  • 2016 жылы әзірленген ұлттық стандарттар саны - 747

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерін қолдану саласындағы анықталған заң бұзушылықтар

Календарь новостей
27.12.2017

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерін қолдану саласындағы анықталған заң бұзушылықтар

              Техникалық реттеу және метрология комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша  департаментімен, республикалық «Апта тынысы» газетінің бас редакторы А.Бақтыбаевтың арызына сәйкес, ОҚО, Төлеби ауданы  білім бөлімінің бірқатар мектептеріне, олар: «Бірінші мамыр» жалпы білім беру орта мектебі,  Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта білім беретін мектебіне, П.Тәжібаева атындағы №3 жалпы орта білім беретін мектебі және «Сұлтанрабат» жалпы білім беру орта мектептерінде жоспардан тыс тексерулер жүргізілді. тексеру барысында, 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап  қолдану күші жойылған  989-2014 ҚР СТ-ының талаптарына сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Елтаңбалар қолдануылғаны анықталды, яғни, қолданыстағы Елтаңбалар 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап қолдануға күші жойылған 989-2008 ҚР СТ сәйкес.

                Бұл  факт, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» 2007 жылғы 4 маусымдағы №258 Конституциялық заңының 6-бабы 3-тармағының талаптарын бұзу болып табылады.

               Аталған мекемелерге, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 418 бабы 1 бөліміне сәйкес, сомасы 867 600 теңгеге 4 әкімшілік айыппұл салынып, басшыларына заңбұзушылықты жою туралы ұйғарымдар берілді.

 


Просмотров: 889

Возврат к списку



Министр блогы

Қасымбек
Жеңіс Махмұдұлы

«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУЫНДА ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУ

загрузка карты...